Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет78/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

Жазбаша кері байланыс


91 

Тиімді кері байланыс өздерінен не күтіліп отырғанын және өздері мұғалімнен не 
күтетінін білетін оқушыларға байланысты. Оқушыларға белгілі бір салада 
жетістікке жеткендерін, олардың себептерін және әрі қарай қалай жақсартуға 
болатындығы туралы түсініктеме беріп отыру қажет. Бұндай түсініктемелер 
оқушылардың назарын оқудың мазмұнына аударуға көмектесетін болады. 

Оқу мақсаттары мен оқу нәтижелері мұғалімнің ауызша және жазбаша кері 
байланысы үшін бастама ретінде пайдаланылуы тиіс. Оқушылар бөлініп, 
тапсырманы орындауға кіріспестен бұрын оларға оқу мақсаттары мен күтілетін 
нәтижелері анық түсіндірілуі тиіс. Мысалы, оқушы үшін оқу нәтижесі мектеп 
директорына мектеп кеңесін құруға келісім беру сұралатын хат жазу болса, кері 
байланыс орнату үшін дұрыс жазу ережесі мен грамматикаға ғана көңіл бөлу дұрыс 
емес, бұл жағдайда кері байланыс оқушылар осыған дейін өткен сөз өнеріне тән 
тиісті шартты белгілерді пайдалануға да бағытталуы тиіс.

Оқушыларға олардың жетістіктері мен кемшіліктерін дәл бағалауды қамтамасыз 
ететін, терең ойлауға және талқы жүргізуге түрткі болатын, олардың оқудағы 
келесі қадамдарын айқындауға көмектесетін жазбаша кері байланыс ұсыну керек.

Оқушылардың оқудағы келесі қадамдарын айқындау үшін мұғалімдер олардың пән 
бойынша прогресін түсініп, оқушылардың қате түсініктері мен қиындықтарын 
білуге тиіс.
Сапалы кері байланыс 
• Кез келген оқушымен жүргізілетін кері байланыс оның ерекше қасиеттері мен 
мүмкіндіктеріне негізделуге тиіс. Оқушы өз жұмысын жақсарту үшін не істей алатындығы 
туралы кеңес беруге негізделіп, басқа оқушылармен салыстыруға жол бермейді.
• Кері байланыс әрбір оқушыға оның қасиеттері мен кемшіліктерін айқын 
көрсеткен жағдайда ғана, оның білімінің жетілуіне ықпал етеді. 
Блэк және Уильям (1998). 
Қара жәшік ішінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет