78
ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ
Алғыр балаларға лайықты, алайда қабілеті төмен балаларды есептен шығармайтын
немесе алшақтатпайтын оқу ортасын қалай құрауға болады? Ол үшін оқу қағидаттары мен
құндылықтары қандай болмақ? Химер (2002: 3) олардың бірнешеуін анықтаған, атап
айтқанда:
Барлық балалар жоғары сапалы білім алуға құқылы.
Білім берудің негізгі мақсаты – балалар және жастардың бойына оқуға деген
құштарлықты сіңіру және осы білімге деген құштарлығын қанағаттандыратын
дағдылар мен психологиялық ұстанымдарды игеру үдерісіне қолдау көрсету.
Мектептің негізгі рөлі барлық балалардың білім мақсаттарына қол жеткізуіне
барынша мүмкіндік жасау болып табылады.
Балалардың оқу мақсаттары – алуан түрлі.
Ешкім, тіпті сол адамның өзі өзінің оқудағы толық мүмкіндігін біле бермейді.
«Қабілеттер» деген ұғымның дәстүрлі анықтамасы – еш нақтыланбаған, жұмыс
нәтижесінің жалпы сипаттамасы (болжамы).
Балалардың оқу мақсаттары сұрақ қойып, сол сұрақтарға жауап іздегенде барынша
қолжетімді болады. Бұл сұрақтарды балалардың өздері қойған тиімді болмақ.
Терең оқып-үйрену бәсекелестік жағдайында емес, бірлескен жұмыс жағдайында
жүзеге асады.
Бағалаудың ең тиімді тәсілі жиынтық бағалау (нәтижелерді көрсету немесе
салыстыру үшін оқуды бағалау) емес, қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін
бағалау) болып саналады. Осыған байланысты, оқушының оқуға деген көзқарасын
өзгерту оқу нәтижелеріне деген қатынасын (баға үшін алаңдаушылық)
ынталандырудан гөрі, тиімді оқуға жетелейтіні анық.
Дарынды және талантты балаларды оқыту бойынша жалпыға ортақ саясат
мынадай ұстанымдарға негізделеді: дарынды және талантты балалар сапалы білім
алуға құқылы, сонымен бірге өздерінің дарынды және талантты екенін білмейтін
құрбыларының да сапалы білім алуға тең құқығы бар.
Дарынды және талантты балаларға жоғары сапалы білім берудің көрсеткіштері мен
дәлелдемелері, Джон Фрименнің (1998: 52; Химерде келтірілген 2002: 60) пікірінше,
төмендегідей критерийлер жүйесіне сәйкес келуі мүмкін:
Достарыңызбен бөлісу: