81
қайталау, кейіннен тағы да бір рет – жай ғана, барлығының есіне тағы бір рет түсіру үшін.
Қайтадан түсіндіруді соған мұқтаж оқушылар үшін ғана қайталау қажет.
3. Көбірек ынталандыруға мұқтаж және сыныптағы алуан түрлі тапсырмалармен
жұмыс істей алмайтын оқушыларға тапсырма беру үшін әрбір оқушыға арнап жеке үй
тапсырмасын дайындаңыз.
4. Тапсырмаларды орындауды ерте бітіретін оқушылар үшін кабинет бұрышында
қызықты жұмбақтары бар қорап қойып қойыңыз (кейбір оқушылар мұғалімнің кері
байланысына/қатысуына мұқтаж болады).
5. Сабақтың соңында пайдалану немесе жұмысты басқа топтартан бұрын бітірген
топқа беру мақсатында ойлауды дамытуға бағытталған, тез шешуге болатын
тапсырмалары бар қорабыңыз болсын. Әрбір оқушының даралығын дамыту үшін
сараланған тапсырмаларды дайындау ұсынылады.
6. Тақырыпты тереңірек қарастыруды қалайтын оқушыларға арнап пайдалы веб-
сайттар тізімін құрастырыңыз. Бұл істе мұғалімге мектеп кітапханашысы көмектесе
алады.
7. Зерек оқушылардан талқылау кезінде айтылған негізгі ұғымдарды, ойларды
тақтаға жазып отыруды сұраңыз.
8. Сабақ басында зерек оқушылар тобынан жалпы сабақты дайындауды өтініңіз.
9. Редакцияланған мәтіндерді қолданған кезде анағұрлым қабілетті деген
оқушыларға мәтіннің толық түпнұсқасын қарастыруға мүмкіндік беріңіз.
10. Кейде қабілетті оқушылардың белгілі бір идеяларды нақты баяндау үшін
пайдаланатын сөздер санын шектеңіз. Ол қабілетті оқушылардың тілді нақты
пайдалануына мүмкіндік береді.
11. Сыныптағы оқу үлгерімін жақсарту мақсатында оқушылардың дарындары мен
қабілеттерін әртүрлі салаларда қолданыңыз. Мысалы, суырыпсалмалығы бар оқушыға
сабақтағы тақырыпқа байланысты рэп шығаруды ұсыныңыз; жобалаумен айналысатын
оқушыға география сабағында белгілі бір ландшафттың моделін жасау тапсырмасын
беріңіз.
12. Уақытты көңілді өткізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: