Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет62/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

 
 
Блогтарда жұмысты бастауға арналған қадамдар
1.
Бірнеше 
тегін 
блогтар 
бар. 
Тегін 
блогерлік 
сайттардың 
бірін 
(
http://www.blogger.com

http://blog.nur.kz

http://www.on.kz

http://www.livejournal.com

http://edublogs.org
- өте әйгілі) немесе шағын блогтардың 
қызметін (
www.facebook.com

www.nur.kz

www.cpm.kz

www.mail.ru
) қарап 
шығыңыз. 
2.
Қажетті ақпаратты енгізіңіз (пайдаланушының аты, құпия сөз). 
3.
Өз блогыңызға ат беріңіз. 
4.
Талаптарын қабылдап, үлгі таңдаңыз. 
5.
Жариялаңыз! 
6.
Блогтарды жариялауға қатысты этикалық мәселелерді назарға алыңыз: 


75 

Жүргізіліп жатқан шаралар туралы ата-аналарға хабарлап, олардың рұқсатын 
алыңыз. 

Оқушыларды өздерін желілік автор және оқырман ретінде байыппен, жағдайға сай 
және саналы ұстауға үйретіңіз. 

Оқушылардың қатынауы туралы ережелер мен нұсқаулықты оқып шығыңыз. 

Ереже бойынша толық аты-жөнін, электронды пошта мекенжайы немесе 
тұрғылықты орнын анықтауға арналған сілтемені міндетті түрде толтыру 
керектігін хабарлаңыз. 

Дауыс екпіні, сыйластық және салдарына қатысты айқын талаптар қойыңыз. 

Статустары тек сіздің сынып оқушыларына ғана көрінгені жақсы болар еді. 
Блогердің ақпараттық панелінде 
Баптау 
қосымша бетіне басыңыз
Рұқсатты 
таңдаңыз да, блогты кім көре алатынын анықтаңыз. 
ПОДКАСТИНГ 
 
Подкастинг – басқалармен бөлісуге болатын сандық дыбысжазба түріндегі жаңа 
озық технология. Дыбысжазба әдетте оны интернетте жариялау жолымен таратылады, 
содан кейін веб-сайтта, Вики немесе блогта сілтеме көрсетіледі. 
Қазіргі кезде подкастыны білім беруде қолданудың мүмкіндіктері көп. 
Подкастыларды оқушылар жеке және топтарда жұмыс істей отырып құра алады. Оның 
үстіне подкаст оқушылар өз білімдерін мектепте де, үйде де бекіте отырып, айналыса 
алатын дайын өнім болуы мүмкін. Подкастингіні оқу курсының кез-келген саласында 
қолдануға болады. Онымен көбірек байланысты кейбір салалар: АКТ, санитарлық 
ағартушылық жұмыс, азаматтық жауапкершілік, заманауи шетел тілдері, шешендік өнер, 
сөйлесу дағдылары. 
Подкастинг оқушылардың таныстырылымдарын жақсартуға көмектеседі және де 
жазуға ыңғайы жоқ немесе оқуда қиындық сезінетін адамдар үшін ерекше пайдалы 
болмақ. Подкастинг даралап оқытуды қамтамасыз етеді. Ол ресурстар мен сабақтарды 
балалардың жеке талаптарына лайықтауға, бейімдеуге мүмкіндік береді. Подкастинг 
оқушылар мен мектепке аудиториямен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. 
Аудитория ішкі (мектеп ішінде, оқушылар мен мұғалімдер арасында немесе құрбылар 
арасында) немесе сыртқы (кең қоғамдастық ішінде) болуы мүмкін. Басқа технологиялар 
сияқты подкастингінің де балалардың, жастардың, олардың мұғалімдері және ата-
аналары/қамқоршыларының қиялын «босататын» қасиеті бар. 
Е-қауіпсіздігі 
Балаларды қорғау 
Басқа технологиялардағы сияқты подкастыға қатысатын балаларды қорғау 
маңызды болып келеді. Олар подкастыда жеке ақпараттың тек бір бөлігін ғана ашуға тиіс. 
Алайда олар лақап ат ала алады. 
Басқа да коммуникативтік технологиялардағы сияқты, балалар өздерін 
жауапкершілікпен ұстай білуге үйренгендері өте маңызды. Көптеген мектептерде ата-
аналар мен оқушылар жаздырып алатын, подкастинг туралы бөлімді қамтитын 
желіаралық жоспар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет