Билет. Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері



бет29/87
Дата19.05.2022
өлшемі350,35 Kb.
#143892
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   87
Байланысты:
Экзамен 2013
Dermatoven ch-2 Doc1
Дебильділік кезінде адамдар кейде аяқталмаған орта немесе толық орта білім алады, бірақ қиындықпен оқиды, оларға түсініктерді біріктіру қиын, абстрактылы қызмет мүмкін емес, материалды жаттанды оқуды қажет етеді

16 билет.


1 Жеке жүйкелердің,жүйке түбіршіктері және тармақтарының зақымдауы.Жіктелуі,этиологиясы,эптдемиологиясы,клиникасы,диагностика,емі.
Шеткі нерв жүйесі зақымдануының этиологиялық факторлары ішінде аномалиялар деформациялайтын спондилоз,остеохондроз,жарақаттар және инфекциялар әсерінен омыртқа жотасында болатын өзгерістерге ерекше мән беріледі.
Аса айқын білінетін остеохондрозға байланысты пайда болатын түбіршектік синдромдар омыртқа өзегіне бағытталған омыртқааралық дискінің жарықшақтанып томпаюымен қосарланады.Клиникалық көрінісі негізінен сезімділік ,рефлексті қимыл және вегативті –трофикалық бұзылыстар арқылы қалыптасады.
Бірінші бел түбіршегінің қысылуы-шап аймағында ауырсыну мен сезімділік білінбеуі,кремастерлік рефлекстің көмескіленуі немесе жойылуы ,ал екінші бел түбіршегінің қысылуы санның алдыңғы жоғарғы үштен бір мен іш жағында сезімділік білінбеуі,тізе рефлексінің төмендеуі немесе жойылуы және алға қарай еңкею мүмкіндігінің қиындауы арқылы сипатталады.
Үшініші бел түбіршегі қысылғанда санның алдыңғы сырт жағынан таралатын омыртқа жотасының бел тұсында ауырсыну ,осы аймақ пен сирақтың іш жағының жоғарғы үштен бірінде гипестезия,тізе рефлексінің көмескіленуі және еңкею қиындығы пайда болады.
Төртінші бел түбіршегі қысылғанда бел аймағынан санның алдыңғы сырт жығына ,сирақтың алдыңғы ішкі жиегіне және аяқ ұшының ішкі жағына дейін таралатын ауырсыну синдромы ,осы аймақта үстірт сезімділік білінбеуі,санды бұру қиындығы ,тізе рефлексінің төмендеуі,сан бұлшық еттерінің семе бастауы мен әлсізденуі білінеді.
Бесінші бел түбіршегі қысылғанда бөксенің жоғарғы бөлігінде ,санның сыртында ,сирақтың алдыңғы сыртында,аяқ ұшының үстінде,ал кейде I немесе I-V бақайлар маңында сезімділік білінбейді,үлкен бақай жазылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет