Билет. Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері



бет31/87
Дата19.05.2022
өлшемі350,35 Kb.
#143892
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87
Байланысты:
Экзамен 2013
Dermatoven ch-2 Doc1
Әуестіктің әлсіреуі (гипобулия), толық жойылуы-абулия депрессивті жағдаймен жүреді: тәбеті жоғалады, осының әсерінен тамақтан бас тартады(анорексия), сексуалды сезім басылады, суицидалды жағдайға қауіптілік жоғарылайды. Абулия шизофрениялық дефектке тән немқұрайдылық (апато-абулиялық жағдай) көрініс береді.
Суицидальды тенденциялар-галлюцинациялапмен,соңына түсу сандырағымен соңына түсушілерден қорғанам деп мерт болады.
Әуестік бұрмалануы (парабулия) жарамайтын заттарды-нәжіс(капрофагия) жеуге, өзіне зақым келтіруге, перверсияларда жыныстық қанағат сезімін алуға (гомосексуализм, саддизм, мазохизм және т.б). Бұндай бұзылыстар тұлғаның ауыр патологияларында, психопатияларда, психопатия тәрізді жағдайларда, мидың органикалық бұзылыстарында кездеседі.
Импульсивті құбылыс-жедел туатын әлденеге бағытталған күшті талпыныс.Импульсивті әуестіктерге клептоманияны-өз пайдасына қатыссыз ұрлыққа құштарлықты жатқызуға болады. Импульсивті әрекет аяқталған соң зат иесіне қайтарылып беріледі немесе лақтырылып тасталынады. Пиромания-ешқандай зұлым ойсыз өрт шығаруға әуестік. Дромомания-қаңғыруға құштарлық. Дипсомания-салынып ішуге әкелетін спиртті ішімдікке кенеттен пайда болған әуестік.
Амбиваленттілік- қарама-қарсы сезімдердің, тілектердің, әуестіктердің бірге жүруі. Амбиваленттілік психикалық үрдіс бірлігінің ыдырау белгісі болып табылады, ол шизофренияға тән.

17 билет.


1 Полинейропатия.Жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы,диагностика, емі.
Полинейропатиялар дегеніміз-шеткері нервтердің көптеп зақымдануынан шеткері салданулармен,сезімталдықтың бұзылуымен,аяқтың дистальді бөлімінің трофикалық және вегето-тамырлық бұзылыстармен жүретін жайылмалы симметриялы патологиялық процесс
Жіктелуі

  • Этиологиясы бойынша

  • Қабынулық

  • Токсикалық

  • Аллергиялық

  • Травмалық

  • Патоморфологиялық зақымдалуы бойынша

  • Аксональді

  • Демиелинезацияланған

  • Ағымы бойынша

  • Жедел

  • Жеделдеу

  • Созылмалы

Этилогиясы

  • Әртүрлі интоксикациялар(алкогольмен, мышьяк препараттарымен,қорғасынмен,сынаппен,талиймен,ортокерезилфосфатпен,сульфакарбонаттармен т.б)

  • Біріншілік және екіншілік инфекциялар(тұмау, эпидемиялық паротит, аденовирустық инфекциялар, ботулизм, дифтерия, дизентерия т.б)

Клиникасы
Демиелинизацияланған полинейропатия кезінде ірі қозғалтқыш және сезімтал проприорецепторлардың талшықтары зақымдалып, беткей сезімталдықты өткізетін вегетативті және сезімтал талшықтар миелинсіз күйі қалады.Полиневропатияның бұл түрінде терең рефлекстер тез жоғалады және проприорецептивті сезімталдық бұзылып сенситивті атаксия болады және вибрациялық сезім жоғалады.Беткей сезімталдық сақталады. Аяқтың дистальді, проксимальді бөлімінің шеткері парезі, бұлшықет атрофиясы.
Аксонопатия кезінде көбіне аяқтың дистальді бөлігінде парез болады, жай дамиды, амиотрофия,ауырсынуды және температураны сезіну, вегетативті функциялар бұзылады.


Диагностика

  • Толық анамнез жинау

  • Қанның жалпы және биохимиялық анлизі

  • Неврологиялық симптомдарды анықтау

  • Электронейромиография

  • Жұлын сұйықтығын зерттеу

  • Тері нервісінің биопсиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет