2 сұрақ. Ақшаның атқаратын қызметтері.
Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының нысаны ретiндегi әлеуметтiк-экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Экономиканың кез келген үлгiсiнде ақшаның қызметi өзгермей, бiр қалыпта қалады. Ақша бес түрлi қызмет атқарады:
құн өлшемi; 2) айналыс құралы; 3) төлем құралы; 4) қор және қазына жинау құралы;
5) дүниежүзiлiк ақша.
1. Ақша құн өлшемi ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарды. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |