Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару



бет4/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)
проф казахский язык, Салық және салық салу пәнінен есептері, Құқық негіздері-100, Лечебная физическая культура и массаж соответствие (70), Сабақ 4, Сабақ 4, Сабак 2, Сабақ 13, Сабақ 1, 1 дәріс, 26-sabak, Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет, Документ Microsoft Office Word (3), takirov adebiet (1)
2. Ақша айналыс құралы . Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, зінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады. Айналыс құралы ретінде ақша қызметерінің ерекшеліктері мыналар :

- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы

- оны идеалды ақшалар емес, нақты ақшалар орындайды

- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

3. Ақша төлем құралы . тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады :

- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер

- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер

- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер

- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме

- сақтандыру міндеттемелері

4. Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажетігі Т – А –Т айналымының екі актілерге Т – А және А – Т айрылуымен байланысты.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану 2 формада жүреді :

- кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану

- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар

5. Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақша қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді. Бұл қызметті бастапқыда толық ақшалар – алтын, ал кейіннен нағыз ақашалар шетел валютасы атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет