Білім беру бағдарламасы: 6В04201-құқық Құрастырушылар: т.ғ. м., аға оқытушы Сабыргалиева Н. Б. Орал, 2021 ж



бет22/55
Дата09.02.2022
өлшемі300,55 Kb.
#131289
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж.

Дәріс №12
Тақырыбы: Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы.
Мақсаты: Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылық түрлерін қарастыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүйелі түрде қолдануды үйрету.
Жоспары:
1. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадрлық саясат.
2. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы және оның түрлері.
3. Мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес.
«Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 43-бабына сәйкес Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады.
Мемлекеттік қызметші атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде ол жөнінде өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы осы өкімді жазбаша түрде растаған жағдайда, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, мемлекеттік қызметші оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің құқыққа сыйымсыз өкімді орындауының салдарлары үшін осы өкімді растаған басшы жауапты болады.
Лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруіне тыйым салынады.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік орган өздеріне қатысты қабылдаған шешімдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.
Мемлекеттiк қызметшiнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, терiс себептермен жұмыстан босатуға әкеп соғатын тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен жұмыстан босатқаны, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды заңсыз тағайындағаны және (немесе) мемлекеттік әкімшілік лауазымдардан адамдарды заңсыз босатқаны, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жазаларды заңсыз қолданғаны, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзу тәртiбiн бұзғаны, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария еткені, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қолданбағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сол сияқты осы Заңда белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге тәртiптiк жазалар:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;
4-1) қызметiн төмендету;
5) атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн.
Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаның мынадай түрлері:
1) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
2) лауазымын төмендету;
3) атқаратын қызметінен босату қолданылады.
Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза лауазымын төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады.
Лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады.
Атқаратын қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген негіздер бойынша қолданылады.
Тәртiптiк жазаны:
1) лауазымдық өкiлеттiгiне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады;
2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды;
3) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленетiн тәртiппен қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет