Білім беру бағдарламасы: 6В04201-құқық Құрастырушылар: т.ғ. м., аға оқытушы Сабыргалиева Н. Б. Орал, 2021 ж



бет55/55
Дата09.02.2022
өлшемі300,55 Kb.
#131289
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж.
ИТОГОВАЯ АТТЕСТАЦИЯ. 2020-2021 уч. год, ЖО 9, Документ 4, îðìàí ïèðîëîãèÿñû, Тотыгу-тотыксыздану тест, 67, 5f48db6acc320 1598610282 (1), Памятка 2023 г. Каз. яз., аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі
Қорытынды бағалау критерийлері

95-100

Тақырыпты және сұрақтарға жауапты толық көлемде ашады. Басқа студенттерге түсінікті қылып айтады; өздігінен материалдар дайындап, оларды презентациялай алады. Сұрақтарға жауап беру арқылы тапсырманы толықтырады, осы арқылы барлық тұжырымдар мен ғылыми терминдерді меңгергенін көрсетеді. Студент ұғымдармен еркін жұмыс жасай алады, маңызды және маңызды емес белгілер мен байланыстарды ажырата алады. Сөйлеу мәнері жоғары деңгейде.

90-94

Студент мәліметтерді сәтті қолданады, тапсырмаға байланысты жүйелейді және өңдейді. Ақпараттық ізденісті ұйымдастыра алады; тапсырмаларды жүйелеудің жолын ұсынады; мәліметтердің қарама-қайшылығын түсіндіре алады; өз логикасы бойынша аргументтерді тізбектеу мүмкіндігі бар. Оқытушы қойған сұрақтарға толық, жан-жақты жауап береді, пән туралы саналы білім жиынтығы бар, тақырыптың негізгі ережелерін дәлелдей алады. Студенттің әрбір сұраққа жауабы ғылым терминдерді қолдану арқылы әдеби тілмен жазылған және жауап беру барысында жіберген қателіктерді өз бетінше түзету мүмкіндігі бар.

85-89

Пәннің негізгі мазмұнын біледі, таныс және таныс емес жағдайларда қосымша материалдарға жүгінеді, сонымен қоса өздігінен меңгерген қосымша мәліметтерді пайдаланады. Сұрақтарға толық, жан-жақты жауап береді, тақырыптың негізгі ережелерін дәлелді түрде ашады; жауап нақтыланған және логикалық дәйекті.Жауапта логикалық бірізділік байқалады. Жауап ғылым терминдерді қолдану арқылы әдеби тілмен жазылған. Жауапта студенттіңтүзетуді қажет ететін кемшіліктері бар.

80-84

Тапсырмалар мен сұрақтарға толық, жан-жақты жауап берілді, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды көрсете біледі. Жауап ережеге сай анық құрылымдалған, қисынды, ғылым терминдерінде әдеби тілде жазылған. Елеусіз қателіктер жіберілуі мүмкін.

75-79

Оқу материалын көмекке сүйеніп, жалпыламасыз, қорытындысыз айтады, оқу тапсырмаларын үлгі бойынша орындайды. Қойылған сұраққа толық жауап берілді, тақырып бойынша маңыздыбелгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды ажырату мүмкіндігі бар. Жауап анық, қисынды, ғылым терминдерінді қолдану арқылы берілген. Бірақ қосымша сұрақтар қою кезінде студент маңызды емес кемшіліктер жіберген.

70-74

Негізгі деректерді, анықтамаларды, түсініктерді қолдана алады, белгілі қасиеттер мен белгілерді тізіп айта алады. Қойылған сұраққа дәйекті жауап бермеген, бірақ бұл ретте маңызды белгілер мен себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсете білген. Жауап қисынды және тұжырымдық түрде жазылған. Студент өз бетінше орындаған тапсырмаларда 2-3 қате жіберілген.

65-69

Оқытылған нысандарды, құбылыстарды біледі және ажырата алады. Сұрақтарға толық және жан-жақты жауап берілмеді. Жалпы ойдың логикалық бірізділігі сақталмаған. Пән терминдерін қолдануда қателіктер жіберілген. Студент елеулі байланыстарды өз бетінше ажырата алмайды. Мысалдарда олардың негізгі ережелерін тек оқытушының көмегімен ғана дәлелдейді. Сөйлеу тілін түзету қажет.

60-64

Оқудың негізгі мазмұнын толық меңгермеген, бірақ пән бойынша оқуды жалғастыруға қажетті минимальді білім мен біліктілікті игерген. Сұрақтарға маңызды қателері бар толық емес жауап берілді. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері жоқ. Сөйлеу мәнері сауатсыз. Оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтары студенттің қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар пәннің басқа да сұрақтарына жауаптарын түзетуге әкелмейді.

55-59

Сұрақтарға толық жауап берілмейді. Студент дәлелдер келтіруге қиналады. Терминдердің, ұғымдардың және анықтамалардың сипаттамаларында көптеген маңызды қателіктер бар. Жауапта нақты дәлелдер жоқ. Сөйлеу мәнері - сауатсыз. Студент қосымша сұрақтарға жауап бергенде пәндер арасындағы байланыс пен айырмашылықты сезіне алмайды.

50-54

Пәнді оқу кезінде студент пәнде оқытылатын ұғымдардың, теориялардың басқа пәннің объектілерімен байланысын түсіне алмайды. Өзінің пікірлерінін нақтылығы жоқ. Сұрақ тақырыбы бойынша қисынға сай емес, анықтамаларға маңызды қателері бар толық емес жауап береді. Тұжырымдарын баяндауға толық дәлелдемелері жоқ. Студентке оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтары студенттің қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар пәннің басқа да сұрақтарына жауаптарын түзетуге әкелмейді.

0-49

Бұл пәнді мүлде меңгермеген және сұрақтарға нақты жауабы жоқ.




Балл жүйесінде қойылған қорытынды баға (ҚБ)

Баллдың сандық баламасы (С)

Баллдың әріптік баламасы (Ә)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау (Д)

95-100

4,0

А

Өте жақсы

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

65-69

2,0

С

Қанағаттанарлық

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

25-49

0,5



Қанағаттанарлықсыз

0-24

0

F


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет