Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Рамазанова А. П., оқытушы, магистр Орал, 2023 ж



бет22/45
Дата20.11.2023
өлшемі1,08 Mb.
#192081
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент силлабус Рамазанова

Дәріс мазмұны:
1.Көшбасшылық мәні
2. Көшбасшылық теориялары
1.Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу
қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына
мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының
қолданатын құралы.
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардыңқасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруғабағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады .Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. Басшы –бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші 221адам. Бұладамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдапотырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.
Мазмұны:

  1. Көшбасшылық теориялары

  2. Беделдік формалары

  3. Көшбасшының іс жүргізу бағыттары

  4. Көшбасшының орындайтын функциялары.

  5. Басқару және билік

  6. Билік түрлерінің негізгілері

  7. Формальды және шынайы билік

  8. Басқару түрлері

  9. Көшбасшылықтың жағдайлық теориясы


Көшбасшылық теориялары
Көптеген көшбасшылық теориялары бар. Қазіргі кезде олардың ішінде үшеуін жеке қарастыруға болады:
Тұлғалық;
● Қылықтық;
● Жағдайлық.
Тұлғалық теория – Оған сәйкес менеджерлердің ең үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер топтамасына ие болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі, тартымды сыртқы көрінісі, адалдылық пен инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет