Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі



Pdf көрінісі
бет32/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық
Геомет 11 сын ЖМБ КМЖ, 1606281078, 1553972817, The best language learner Лучший знаток языка, 1530560643, Шаблон 4 к.1сем рк1, null, жоспар рухани, Modern English period, Кіру билеті, fizika-7-synyp-test-sratary-5-nsa..... (1), stud.kz-21511, Жетекшілік жоспар Раушан, Жетекшілік жоспар Раушан
Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі
«Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының мақсаты 
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға үйрету болып 
табылатындығына қарамастан, мұғалімдердің немқұрайлық танытып, оқушылардың өз 
бетімен отыруына жол бермеуі аса маңызды. Оқушылар жеке-дара жұмыс істегеннен гөрі, 


24 
мұғалім қолдау көрсететін белсенді сабақта анағұрлым жақсы үйренеді. Оқушылар алға 
ілгерілеген сайын, оларға мұғалім тарапынан аса қамқорлықпен қолдау көрсету қажет 
болмайды, енді олар өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту 
үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып 
отыруы керек. Сырттан көрсетілетін қолдау тоқтағанда ғана, оқушылар жоспарлы нәтижеге 
қол жеткіздім деп айта алады. Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануға рұқсат 
етілсе, олар ештеңені үйренбейді деуге болады. Рата (Rata, 2012) өзін тек «үйлестіруші» 
ретінде ұстайтын мұғалім «мұғалім» деп аталуға лайықты емес деп тұжырымдайды.
Хэтти (Hattie, 2009) педагогикалық тәсілдердің метаталдауын жүргізіп, мұғалімдер 
«үйлестіруші» және «жандандырушы» болып табылатын тәсілдердің әсерін салыстырған. Ол 
қолданған тәсілдерде 0 – ілгерілеудің жоқ екендігін, 0,4 – ілгерілеудің бір жыл мерзімін және 
1 – ілгерілеудің екі-үш жылын білдіреді. Мұғалім тек үйлестіруші рөлін атқарған тәсілдердің 
орташа әсері – 0,17, мұнымен салыстырғанда мұғалім ынталандырушы болған (мәселен, кері 
байланыс ұсыну, оқыту шеберлігі, күрделі мақсаттар қою және т.б.) оқыту тәсілдерінің орташа 
әсер мөлшері 0,60 болған. 
Э. Берн ұсынған өзара қарым-қатынастың транзактілік талдауы оқушы мен мұғалім 
арасында туындауы мүмкін келіспеушіліктер мен қақтығыстардың себебін жақсы түсіндіреді. 
Мұғалім ең алдымен оқушының оқуға деген уәжін қалыптастыруға баса назар аударғаны 
дұрыс, себебі жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өсу осы психологиялық шамамен 
тығыз байланысты. Оқушыға тиісті еркіндік беру, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру, оқу 
материалын маңызды ақпараттармен қамтамасыз ету оқушының оқуға деген ішкі уәжіне игі 
ықпал етеді. Сонымен қатар заман талабына сай оқушысына берері, айтары көп болуы үшін 
мұғалімнің өзі де үнемі білімін жаңартып, жетілдіріп отыруы тиіс. 
Мұғалімдердің кері байланыс көмегімен және модельдеу, көрсету, сұрақ қою, бақылау, 
танымдық ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуіне 
үнемі қолдау көрсетуі керек. Оқушылардың пән бойынша терең білім алуы мұғалімдердің 
дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған дейінгі 
білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының жеке 
дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әр оқушы 
үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу үшін 
жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудың келесі 
қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі метаталдаудың көмегімен білім беру 
шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде халықаралық 
деңгейде мойындалып отыр (Black and William, 1998). 
Белсенді оқу барысында мұғалімдер: 
-
барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу 
ахуалын қалыптастыруға; 
-
сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап,
рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге
-
оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс-
тәсілдерлі қолдануға; 
-
алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді 
өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып; бүкіл 
сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін 
ұйымдастыруға, уақытты басқаруға; 
-
оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде 
және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді пайдалануға; 
-
оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс. 
Сыныпта ынтымақтасты ахуалын қалыптастыру үшін оқушылармен түрлі тренингтер 
өткізуге болады: сынып ұжымында жағымды психологиялық орта қалыптастыруға
тұлғааралық қатынасты нығайтуға, оқушылардың өзіндік бағалауын көтеруге арналған 
жаттығулар, табысқа жету жағдаяттары, т.б. Мұндай ойын түрінде өткізілетін тренингтер 


25 
оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасындағы тығыз қарым-
қатынастың орнауына мүмкіндік жасайды.
Оқу үдерісінде оқушылар толықтай өздігінен білім алатын сабақтардан гөрі, мұғалім 
қажетті жағдайлар мен көмекпен қамтамасыз ететін сабақтарда жоғары нәтижелерге жетулері 
мүмкін. Осы нәтижелерге жетудегі маңызды тәсілдердің бірі мұғалімнің әрбір оқушымен кері 
байланыс орнатып, сәйкес болашақ мақсаттарды айқындауы болып табылады.
Белсенді оқу үдерісінде мұғалім үшін маңызды:

сабақта тың идеялар мен ынталандыратын материалдар ұсыну; 

оқушылар ғылыми жобаларда қолдана алатын тәжірибелік және эксперименттік 
дағдыларды қалыптастыру; 

оқушыларға өздерін қызықтыратын салалар бойынша сұрақтарды құрылымдауға 
көмектесу; 

жұпта, шағын топтарда және ауыспалы құрамды жұптарда жұмыс істеу үшін тиімді 
тапсырмалар әзірлеу; 

оқушылардың бір-бірімен диалогтік оқу үдерісіне қатысуына ықпал ету; 

оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес әрекет ету; 

оқушыларды өзіндік ойлау дағдыларын дамытуға бағыттау; 

оқушыларға өздерінің ойлау және зерттеу дағдыларын қолдануын есіне салу; 

оқушылардың танымдық қажеттілігін саралап оқыту арқылы ескеру; 

оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларық 
жұмыстарды ұйымдастыру, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет