Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.2019 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы білім алушысының үлгерім кітапшасы
Оқу сағаттарындағы және (немесе) кредиттердегі көлемі
Баға
Күні
Оқытушының қолы
Әріптік
Цифрлық балама
Топ жетекшісінің қолы _______________________________
20___ жылғы "___" _______ № ____ бұйрықпен ______ курсқа ауыстырылды.
Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары ___________________ (қолы).
Ескерту: Білім алушының үлгерім кітапшасын дайындау кезінде аталған беттер осы білім беру ұйымындағы оқу мерзіміне байланысты 3, 4 немесе 5 рет қайталанады.
Диплом алған кезде үлгерім кітапшасы оқу орнына тапсырылады.
Ескерту:
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы білім алушысының үлгерім кітапшасы жаңадан қабылданған білім алушыларға бірінші семестрі ішінде, бірақ қысқы емтихан сессиясы басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей беріледі.
2. Үлгерім кітапшасы қолмен толтырылады. Үлгерім кітапшасында қателерді өшіруге, түзетуге және қарастырылмаған түзетулерді енгізуге рұқсат етілмейді.
3. Үлгерім кітапшасына барлық пәндер және (немесе) модульдер бойынша бағалар қойылады. Емтихан сессиясына шығарылған пәндер және (немесе) модульдер бойынша білім алушылардың емтихандарда, сынақтарда алған бағалары қойылады.
4. Жалпы емтихан бағасы емтихандар жазбаша және ауызша (қазақ тілі және басқа тілдер, әдебиет, математика және оқу жоспарына сәйкес басқалар) өткізілетін пәндер және (немесе) модульдер бойынша ғана қойылады. Тек ауызша емтихан ғана өткізілетін пәндер және (немесе) модульдер бойынша баға ауызша емтихан үшін бөлінген бағанға қойылады; басқа бағандарға сызықша қойылады.
5. Қайта тапсыру кезінде білім алушылардың алған бағаларын емтихан қабылдаушы осы пәнді және (немесе) модульді немесе пәннің бөлімін өту семестріне сәйкес келетін үлгерім кітапшасының бетіне пәннің және (немесе) модульдің атауын бос жолға қайта жазу арқылы қояды.
6. 18 жасқа толған білім алушылар үшін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың қолы міндетті емес.
7. Үлгерім кітапшасының телнұсқасы басшының немесе оның оқу ісі жөніндегі орынбасарының өкімі бойынша ғана беріледі.
Үлгерім кітапшасы телнұсқасының титул бетінде "Телнұсқа" деген жазу жазылады.
Білім алушының телнұсқа берілгенге дейінгі оқу кезеңіндегі үлгерімі туралы барлық мәлімет оқу бөлімінде сақталатын алдыңғы семестрлердің емтихандық және семестрлік ведомосының негізінде үлгерім кітапшасының телнұсқасына толтырылады.
8. Білім алушы оқу курсын аяқтағанға дейін білім беру ұйымынан шығып кеткен жағдайда үлгерім кітапшасы білім беру ұйымына тапсырылады, ұйым білім алушыға білім беру ұйымында оқыған уақыт аралығында пәндер және (немесе) модульдер бойынша алған бағалары, пәннің сағат көлемі көрсетіле отырып толтырылған анықтама береді.
9. Диплом алған кезде үлгерім кітапшасы білім беру ұйымына тапсырылады.
10. Оқудың толық курсын аяқтауына немесе білім беру ұйымынан шығуына байланысты білім алушылар тапсыратын үлгерім кітапшаларын білім беру ұйымы білім алушылардың жеке істерінде сақтайды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы білім алушысының үлгерім кітапшасы тек электрондық форматта толтырылады, оны қағаз нұсқасында толтыру талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген