б.) және ұлттық құндылықтар – (тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстҥр) құрайды.
1)Тәрбие жҥйесінің бірінші бағыты білім алушылардың бойында патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезім; тұлғалық еркіндік құндылығын; адамаралық және топаралық тӛзімділік құндылығын; зорлықзомбылық пен агрессияға жол бермеу; меншік пен материалдық молшылық құндылығын; еңбекті құрметтеу; ӛмірге деген құрмет сезімін; түрлі кемсітушілікке жол бермеу, адамдардың теңдік құқығы идеясының принципін қалыптастырады.
2020-2021 оқу жылында тәрбие жұмысының бұл бағытын орындау аясында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын, «Тарих тағылымы» және «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобаларын, «Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.
Білім алушылар арасында ӛлкетанулық білімді насихаттау мен тарату келесі материалдарда кӛрсетілген:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жҥзеге асыру аясында жалпы білім беретін ҧйымдарда ӛлкетанулық жҧмыстарды жетілдіру бойынша әдістемелік ҧсынымдар;
«Айналаға қара» («Ауыл ӛмірі», «Қала ӛмірі»): «Әлеуметтік –тарихи тәжірибе» бағытын ҧйымдастыру бойынша әдістемелік ҧсынымдамалар;
«Ӛлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі ӛлкетану сабақтары) (5-7 сыныптар) пәнін жҥргізу бойынша әдістемелік ҧсынымдамалар;
«Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жҧмысының қҧрылымдық жҥйесін ҧйымдастырудың әдістемелік ҧсынымдар;
білім беру ҧйымдарында «Туған жер» бағдарламасы арқылы білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру бойынша әдістемелік ҧсынымдар. (https://www.nao.kz)
Білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамыту мақсатында «Жас қыран» (1-4 сыныптар), «Жасұлан» (5-10 сыныптар), «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының, балалар мен жасӛспірімдер қозғалысының қызметін қйымдастыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Жалпы орта білім беретін мектептерде ӛзін-ӛзі басқару органдарының рӛліне маңыздық беру және жұмысты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасӛспірімдер ұйымы мектеп комитетінің жұмысы үлгісінде құру ұсынылады («Жас Ҧлан» бірыңғай балалар мен жасӛспірімдер ҧйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі қызметін ҧйымдастыру бойынша әдістемелік ҧсынымдамалар,https://www.nao.kz.).
Балалар мен жасӛспірімдер қозғалысын дамытуға жауапты аға тәлімгерлердің біліктілігін арттыру үшін сайтта орналастырылған аға тәлімгерлердің қызметін ұйымдастыру бойынша авторлық әдістемелік материалдар мен құралдар ұсынылады www.zhasulan.kz. «Аға тәлімгердің қоржыны» бӛлімінде https://www.zhasulan.kz/kz/project/view?id=14. Тәрбиенің бір түрі - құқықтық тәрбие. Білім алушылардың санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру критерийлері болып негізгі заңдарды білу, оларды түсіну және міндетті түрде мүлтіксіз орындау; құқыққа, заңдылыққа құрмет кӛрсету; алған білімдерін күнделікті ӛмірде практикада ӛз бетінше, ӛз орнына қолдана білу; нормаларға қайшы келмейтін мінез-құлық әдетін қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес, білім беру ұйымдарында қолданыстағы заңнаманы зерделеу және құқықтық сана-сезім мен құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатында құқықтық жаппай оқыту жүзеге асырылуы тиіс.
Білім алушыларға құқықтық білім берудің негізгі формалары сынып сағаттары, лекциялар; экскурсиялар; әңгімелер; кино, теледидар; кештер; пікірталастар, фильмдер мен кітаптарды, мақалаларды талқылау; кӛрнекі үгітнасихаттар болуы керек. Жоғарғы сыныпта оқушыларды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру, заңсыз мінез-құлық үшін жауапкершілік туралы түсіндіру қажет. Білім алушылар «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелерін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңдарын білулері тиіс. Жасӛспірімдердің репродуктивтік денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау бойынша зерттеу мәселесіне айрықша назар аудару маңызды.
Карантин және шектеу шаралары жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ӛз ерекшеліктері бар.