Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу



Pdf көрінісі
бет38/54
Дата27.04.2022
өлшемі1,16 Mb.
#141113
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
Байланысты:
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1-4 сынып тәрбие жоспары, копилка, Бейбитшиликти сактау, ҚР заңдары мен нормативтік СРСП 5, b1754
Сабақтың рефлексиясы
Менің бұл сабақтан алған тәлімім... 
Маған ұнағаны... 
Маған ұна мағаны... 
Менің естігім , білгім, жасағым келгені... 
Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» 
Жаттығудың қорытындысы 


25 
№10 Тақырып: « Қиын жағдайлардан не үйренеміз?» 
Мақсаты: 
• қатысушылардың қиын жағдайлардыың әсерін саралау мүмкіндіктері. 
Ертегі тыңдау 
«Алыстағы Күн жүйесінде, алыстағы Жер ғаламшарында алыстағы бір қалада 
Дархан Дарханов өмір сүріпті. Қалай өмір сүрді? Ол өзін онша бақытты 
есептемепті, себебі оның төңірегінде нашар құбылыстар өз-өзінен юолып 
жатады екен. Біресе асханада тамақты үстіне төгіп алады, немесе мұғалім 
кенеттен «үштік» баға қояды, ал ең жақын досымен ұрсысып қалады. Бірде ол өз 
бөлмесінде отырған еді, кенеттен өз-өзінен орындықтан құлап қалды, қатты 
ауырғаны соншадық, көздерінен ұшқын шашырағандай болды. Енді көзін аша 
беріп еді, біреудің даусын естіген сияқты болды: 
‒ Дархан, осылай өмір сүруіңе мен себепшімін. 
‒ Сен кімсің? – деп Дархан шошып кетті. 
‒ Мен сенің ісігіңмін, - деп шиқылдады дауыссымақ. 
Дархан ұшып тұрып, айнаға қарады: көзінің алды көкпеңбек, мойны жырылып 
кеткен және желкесінде үп-үлкен томпақ ісік! Ол Дарханға кәдімгідей көзін 
қысып қояды. 
‒ Дархан, сенің өзгеруің керек! 
‒ Мен сен ойлағаннан да сұмдық өзгердім, қараңғыда көрсең – қорқып кетесің, 
− деп күрсінді Дархан. 
‒ Жоқ, Дархан, бұлай емес. Саған өмір сабақтарын жиі орындап тұру қажет. 
‒ Менің онсызда мектеп оқуынан басқа жеке өмірім жоқ. 
‒ Сен мені тыңда, Дархан. Тыңда да алғысыңды жаудыр. Сен жағымсыз, қиын 
жағдайлардан сабақ алуың керек. Тек сонда ғана ақылың кіреді, әйтпесе әп-әдемі
түрің бар бала бұдан былай үп-үлкен томпақ ісікке айналасың. 
Дархан мұндай арсыздыққа таңғалғаны соншалықты, аузына сөз де түспей 
қалды. Біраздан соң сөйлей бастап еді ешқандай ісіктің орны да қалмағанын 
байқады. 
Көз алдындағы көгергені де желкесіндегі томпақ ісік те ғайып болыпты. 
Сол сәтте оның сотқар інісі Хасан-Шабдалы келе қалды. Ол тек келген жоқ, 
келе сала Дарханмен алысып, оның қолын ауыртып жіберді. Дархан оны итеріп 
жібергісі келіп еді, бірақ оны бір нәрсе жібермей қойды. « Мүмкін Хасан-
Шабдалыны өмір абағы үйретер, не қыламын оған тиісіп», - деп ойлады Дархан. 
«Мүмкін байқап көру үшін Хасанды аясам ба екен? – деп ойлады ол тағы да». 
Осы кезде Дарханның анасы келді де, әдеттегідей наразылық көрсете: «Итті 
қыдыртпапсың. Хасанды ренжітпе!» дей бастады. Дархан әдеттегідей анасына 
ренжігісі келіп еді, алайда тағы да ойланып қалды: «Мүмкін өмірден сабақ алып, 
анамды түсінуге тырыссам ба екен?». 


26 
Дархан туралы көп айта бермесек те болады, − себебі сендер онсызда да
түсіндіңдер. Өмір сабақтарын орындау Дарханға қатты ұнады, өзін өзгерту де 
ұнады. Әрине, оның өмірі де жақсы жағына қарай жақсара бастады. Өмірі қандай 
болды? Мұны да сендер менен жақсы білесіңдер, бақытты болғысы келетін 
мектеп оқушысының жағдайын енді одан да жақсы түсініп отырсыңдар. Ал 
Дархан өскенде, мектеп бітіргенде қандай болды – бұл көріністі енді маған 
баяндап бересіңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет