Айталық, мультимедиалық технологияларды субьектiнiң iс-әрекетiне байланысты оқыту құралы және оқу құралы деп бөлуге болады. Мысалы, мультимедиалық компьютер демонстрациялық-эксперименттiк жағдайда - оқыту құралы, ал зертханалық практикум жағдайында - оқу құралы. Оқыту құралдарын оқытушылар оқу материалын түсiндiру және бекiту үшiн, ал оқу құралдарын студенттер мен оқушылар жаңа бiлiмдi меңгеру үшiн пайдаланады.
Мультимедианы белгiлi бiр оқыту жүйесiнiң мазмұны мен әдiстерiне негiзделген жағдайда пайдалану тиiмдi. Мультимедиалық технологиялар мен оқыту әдiстерiнiң өзара байланысы бiркелкi болмайды, яғни, бiр мультимедиалық құрал бiрнеше оқыту әдiстерiн қамтыса, ал керiсiнше, бiр оқыту әдiсiнде бiрнеше мультимедиалық кешен пайдаланылуы мүмкiн.
Қазiргi заманғы мультимедиалық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетудi және оқу ақпаратының көлемiн белгiлi бiр реттiлiкпен берiп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқыту әдiстерiн талап етедi.
Оқыту процесiнде кездесетiн мәселелер мен оны тиiмдi шешудегi мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен жетістіктерін 1-ші кестедегідей бөліп көрсетуге болады.
Кесте 1
Достарыңызбен бөлісу: |