Білім беруде мультимедиа-технологияларды пайдалану


Мультимедиалық оқыту бағдарламасы үшiн оқу материалын таңдау және талдау



бет27/64
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#79251
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64
Байланысты:
мультимедиа

Мультимедиалық оқыту бағдарламасы үшiн оқу материалын таңдау және талдау.

  • Оқыту әдiсiн таңдау.

  • Оқу материалын құрылымдау.

  • Эксперименттiк тексеру және оны түзету.

  • Мультимедиалық оқулықты оқыту процесiне енгiзу.

    Мультимедиалық оқулық дайындау мұғалiмдердi, әдiскерлердi, бағдарламашыларды ғана емес, сонымен қатар, психологтарды, дизайнерлердi қажет ететiн өте күрделi процесс. Осыған байланысты мультимедиалық оқыту бағдарламасын дайындау бiрнеше талаптарды бiрiктiредi. Олар:

    • педагогикалық (дидактикалық, әдiстемелiк т.б.);

    • арнайы;

    • эргономикалық;

    • эстетикалық;

    • бағдарламалы-техникалық;

    • бiлiм беру деңгейi бойынша.

    Педагогикалық талаптарды қарастырайық.
    Бiрiншiден, мультимедиалық оқыту бағдарламасы мазмұны ғылыми мазмұнды болуы керек. Бұл жағдайда оқытылатын объектiлердi, құбылыстар мен процестердi шындық және виртуалды тұрғыдан модельдеу, имитациялау студенттiң, оқушының құбылыстар мен процестердiң заңдылығын өзi ашқандай сезiнуiне әсер етiп, олардың эксперименттiк-iзденушiлiк әрекеттерiн қалыптастырады. Сонымен қатар, эксперимент студенттердi, оқушыларды ғылыми-зерттеу әдiстерiне жақындата түседi.
    Екiншiден, мультимедиалық оқыту бағдарламасын кез келген адамның пайдалану мүмкiндiгi болуы керек. Бұл жағдайда ұсынылатын оқу материалы, оқу-iс әрекетiн ұйымдастырудың формалары мен әдiстерi студенттер мен оқушылардың дайындық деңгейiне және жас ерекшелiгiне сәйкес болуы керек.
    Үшiншiден, ұсынылған оқу материалын меңгеру қарапайымдылығы жоғары болуы керек.
    Педагогикалық талаптарды әрi қарай дидактикалық және әдiстемелiк талаптарға жiктеп қарастырып көрейiк.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет