Технологиялық принцип жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың технологиялық алгоритмі құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын - ала анықталуын қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай қатысушылардың 25 қызметтерін бөлісу жəне оларды үйлестіріп отыру ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді, бұл принцип қатысушы адамдардың мақсаты мен жүйенің даму мақсатын сəйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді
3. Педагогикалық менеджмент принциптері
Құзыреттілік принцип жүйенің өзгерістерін ұйымдастырушы субъектілердің мақсатты орындауға қажетті құзыреттіліктері болуын талап етеді. Басқару – ақпараттық, коммуникативік, рефлексиялық əрекеттер арқылы жүзеге асырылады, өйткені, қызмет барысында қамтылатын педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау əрекеттері негізінен оған қатысушылардың құзыреттіліктеріне тығыз байланысты
3. Педагогикалық менеджмент принциптері
Нəтижелілік принципі күтілетін нəтижелердің алдын - ала нақты сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді əдіс - тəсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, нəтижелердің мақсатқа сəйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады. Күтілетін нəтижелер соңғы кезеңде ғана емес, жұмыс барысын бағалау үшін бірнеше кезеңдер бойынша аралық нəтижелер ретінде де жасала алады
3. Педагогикалық менеджмент принциптері
Кері байланыс принципі. Жүйені басқаруда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нəтижелер белгіленеді. Педагогикалық немесе басқару процесінде нəтиженің орындалу барысы, жолдары мен тəсілдері талданып, объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе – ашық əлеуметтік жүйе ретінде ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық, ұйымдарымен, ұжым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынаста болады.