1. Білім беру мекемесінің ұйымдық құрылымының түсінігі мен мәні
2. Білім беру мекемесінің ұйымдық құрылымының элементтері, байланыстары және принциптері
3. Білім беру мекемесінің басқару құрылымдарының түрлері
1. Білім беру мекемесінің ұйымдық құрылымының түсінігі мен мәні
Ұйым алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет:
1.осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы
2.барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы
3.топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі
1. Білім беру мекемесінің ұйымдық құрылымының түсінігі мен мәні
Ұйым – жалпы мақсаттарға жету үшін құрылатын, айқын құрылған бірлескен қызметтері және айқын белгіленген шекаралары бар тәуелді адамдар тобы ретінде көрінісін табатын әлеуметтік жүйе.
Ұйымның қасиеттері:
1) ресурстар;
2) сыртқы ортамен байланысы;
3) еңбектің бөлінісі: горизонталды, вертикалды;
4) жалпы басқару.
Құрылым ұйым ішіндегі әр түрлі жұмыстар арасындағы біршама белгіленген арабайланыс қатарына жатады. Тұрақты арабайланыстар шешімдер қабылдау процесінің нәтижесі болып табылады, ал соңғысы мынаны түсіндіреді:
1. Бөлімнің жалпы тапсырмасы тізбектелген ұсақ жұмыстарға бөлінеді және оның әрқайсысын орындау үшін бөлім қызметкерлері маманданады.
2. Жұмыстардың жеке түрлерін қайтадан қиыстырып топты құруды рационалдау үшін топтастырады; бөлімдерге бөлудің мәні осында жатыр.
3. Бір бастық алдында есеп беретін топтың шамасы анықталуы тиіс, бұл жерде әңгіме бақылау мәселесі туралы туады.
4. Өкілеттіктер жұмыстар немесе жұмыс топтары арасында үлестіріледі. Бұл жерде өкілеттіктерді табыстау туралы мәселе шешіледі.