Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға



бет30/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)

Cеминар №10. Саяси партиялар және партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар және ұйымдар: қызмет ету ерекшеліктері


Сабақтың жоспары:

  1. Саяси партия мәнi, белгiлерi, қызметi.

  2. Саяси партия типологиясы.

  3. Партиялық жүйелердiң мәнi.

  4. ҚР көппартиялық жүйенiң қалыптасуы.



Сабақтың мазмұны:
Саяси партия (латын тілінен аударғанда "бөлшек","топ"дегенді білдіреді) ол әлеуметтік топ пен қауымның мүддесін білдіретін және идеологиялық бірлікпен байланысатын,саяси билікті қолдайтын ең белсенді және ұйымдасқан бөлшек.
Партиялардың негізгі белгілері:
• адамдардың бірлескен әрекеттерінің жеткілікті уақыт ұзақтылығы.
• белгілі бір идеологияны ұстанушы.
• бірлестіктің еріктілігі.
• мемлекеттік билікті жаулап алу мақсаты мен жүзеге асырылуы.
• белгілі бір қоғамдардың және тобының саясаттағы мүддесін білдіруі мен тұрақтандыруы.
Партия қызметтері.
Әлеуметтік қызметтері:
• мүдденің агрегирлігі - әлеуметтік мүдденің білдіруі,саяси шешімдердің әлеуметтік трансформациядағы талаптары.
• әлеуметтік интеграция- саяси жүйеге әртүтлі топтың қосылуы, әлеуметтік және саяси коммуникацияларының жөнделуі,конфликті мүдденің бітімі.
• саяси әлеуметтену- партия мүшелері мен жақтастарының санының көбейюі.
Идеологиялық қызмет.
• партиялық идеология мен партиялық пропаганданың жетілуі және жайылуы.
Саяси қызметтері.
• мемлекеттік билікті жаулап алу.
• саяси рекрутивтілік- партия кадрының фильтрациясы және алға жылжуы, саяси элитаның қалыптасуының сұрыптылуы.
Басшылық қызметі (коммунистік және дәстүрлі қоғамдағы тек авангардты партияның түріне арналған).
Партия құрылысы.
партиялық аппарат
• қарапайым партия мүшелері (партиялық қауым)
• партия жақтастары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет