Хаттама толтыру



бет1/4
Дата25.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#199235
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
11-сабак Гипофиз БОӨЖ ЖМ22-029группа Тұрсынова Аружан



БОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
11 САБАҚ. ІСБ ФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША


Тақырып: Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету жолдары мен механизмдері. Гипоталамус гипофиз жүйесі. Балалардағы даму және қызмет ету ерекшеліктері.


ХАТТАМА ТОЛТЫРУ:
1 тапсырма. «Гормондардың жалпы қасиеттері» атты кестені толтырыңыз





Гормондардың жалпы қасиеттері

1

Биологиялық белсенділігі өте жоғары



2

Қашықтан әсер ету



3

Әсері тез және қысқа.



4

Олар тез бұзылады және ағзада жинақталмайды



5

Олар қызметіне ғана емес, құрылымдарға да әсер етеді (акромегалия)

6

Арнайы түрлік ерекшелігі болады (табиғаты белоктық гормондар)



7

Ферментативті белсенділігі жоқ



8

Жасушадан тыс әрекет етпейді



9

Нысана жасушаларына ғана әсер етеді

10

Ағзаға рефлекторлық әсер ете алады

11

Жүйке орталықтарының қозғыштығын өзгерте отырып, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді

12

Шартты рефлекстік маңызы болады

2 тапсырма.


А. «Гормондардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі» атты кестені толтырыңыз



Гормондардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі

Бездер

Гормондар

Стероидті

Бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары

Кортиностероидтар
Андрогендер
Эстрогендер



Ақуыз-пептидті

Гипофиз
Қалқанша маңы безі
Ұйқы безі

Инсулин
Глюкагон
соматотропин

Аминқышқылдар туындылары

Қалқанша безі
Бүйрек үсті безінің милық затының гормондары

Тироксин
Катехоламиндер
Адреналин
Норадреналин



Б. «Гормондардың қызметтері бойынша жіктелуі» атты кестені толтырыңыз



Гормондардың атқаратын қызметтері бойынша жіктелуі

Анықтамасы

Гормондар түзілу орны

Эффекторлық

Бұл нысана жасушаларға тікелей әсер ететін гормондар.

Қалқанша безі, қалқанша маңы безі, бүйрекүсті безі, ұйқы безі, жыныс безі.

Троптық

Эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуі (аденогипофиз гормондары)

Аденогипофиз гормондары.

Рилизинг-факторлар

Статиндер, либериндер) гипоталамустың жүйке жасушалары бөліп шығарады,аденогипофиздің троптық гормондарының түзілуі мен шығарылуын реттейді

Гипоталамуста.

3 тапсырма. ІСБ-нің атауларын жазып шығыңыз:



10.Аталық без

3.Эпифиз

6. Айырша без

7.Бүйрекүсті безі

8.Ұйқы безі

1.Гипоталамустың нейросекреторлық ядролары

4,5. Қалқанша және қалқанша маңы безі

2.Гипофиз

9.Аналық без

4 тапсырма. «Гормондардың әсер ету жолдары» атты кестені толтырыңыз.



Әсер ету жолдары

Әсер ету механизмі

Тікелей



Гормон ағзада арнайы рецепторлары бар мүшелер мен тіндерге әсер етеді. Рецепторлар – белгілі бір гормонмен байланысатын изоморфты құрылымды ақуыз.



Рефлекторлық



гормондардың қантамырлардың химорецепторларын тітіркендіру арқылы әсері (барлық ірі қантамырлар мен мүшелердің бифуркацияларында орналасқан тамырлы рефлексогендік аймақтар).

Орталық



гормондардың бір мүшенің қызметіне оның орталық жүйке жүйесіндегі орталығы арқылы әсер етуі

Шартты-рефлекстік



шартты рефлекстердің қалыптасуы кезінде гормондардың әсер етуі. Ми қыртысында шартты және шартсыз тітіркендіргіштер орталықтары арасында шартты - рефлекторлық байланыс пайда болады.

5 тапсырма. «Гипофиз және гипоталамус гормондары» атты кестені толтырыңыз.



Бездер

Гормондар

Физиологиялық әсерлері

Аденогипофиз

1)Соматотропин СТГ
2)Тиреотропин ТТГ
3)Адренокортикотропин АКТГ
4)Пролактин

1)Өсу гормоны
2)қалқанша тінін ұлғайтып,оның сөліністік қабілетін күшейтеді.
3)Бүйрекүсті бездің өнімі.Қыртыс қабатындағы жасушаларын өсіріп,кортикострероид гормондардың сыртқа шығуын үдетеді.
4)Емшектен сүт көп шығады,сүт сапасы,майлылығы,дәмі артады.

Нейрогипофиз



1)Вазопрессин
2)Окситоцин



  1. Бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін азайтады,сондықтан да оны антиурездік гормон дейді.Сондай-ақ қан тамырларын тарылтып,қысымын күшейтеді.

  2. Жатыр еттерін жиырылтады,жатырдың жиырылуы,әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі.Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді,сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет