1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады.
докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында, сондай-ақ
"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны
бойынша жетекші шет елдердiң жоғары оқу орындарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
Әскери және өзге де мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсiптiк
білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыру жоғары әскери
және арнаулы оқу орындарының
адъюнктурасында жүзеге асырылады.
3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары
негізінде:
1) екі жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогтік;
2) кемінде бір жыл оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан табысты өткен және магистрлік диссертациясын көпшілік
алдында қорғаған білім алушыға тиісті мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі беріледі.
4. Докторантурада магистратураның кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде кемінде үш жыл оқу
мерзімімен философия докторлары (РhD) мен бейіні бойынша докторлар даярлау жүзеге асырылады.
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік білім беру резидентураны,
магистратура мен докторантураны қамтиды.
Резидентурада мамандануына қарай оқыту ұзақтығы екі жылдан төрт жылға дейін клиникалық
мамандықтар бойынша тереңдетіле даярлау жүзеге асырылады. Резидентура туралы
денсаулық
ережені
сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13
N 553-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: