Биология және экология кафедрасы 050608 Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған


Қарастырылатын сұрақтар Дәріс мазмұны



бет12/24
Дата14.04.2017
өлшемі2,24 Mb.
#13927
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

Қарастырылатын сұрақтар

Дәріс мазмұны:


1. Қоршаған ортадағы химиялық элементтер миграциясы.

2. Химиялық элементтердің биогенді формалары.



Әдебиеттер: Степановских А.С. Общая экология, 33-55, 555-586; Степановских, 137-140; Орлов Д.С., Безуглова, 44-68, 75-91; Ғ.Сағымбаев, 48-58; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә., 16-21; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 149-154;
1. Қоршаған ортадағы химиялық элементтер миграциясы.

Биосферада тұрақтылықтың қамтамасыз етілу механизмі – гомеостаз.

Биосфераның тіршілік етуінің негізі - бұл зат айналымы. Жердің барлық геосфераларында зат айналымы байқалады. Биогеохимиялық айналым биосфера шегінде ғана жүреді. Жер қыртысы, гидросфера аралығында зат айналу процесінің тұйықталуы топырақта жүреді.

Табиғаттағы су айналымының «қозғаушы күші» болып су айналымы есептеледі. Су буларының бірден мұзға айналу процесі сублимация деп аталады. Бүкіл энергия Жер бетіне атмосфера, мұхит арқылы таралады.


2. Химиялық элементтердің биогенді формалары.

Тіршілік үшін маңызды биогенді элементтер болып азот, көміртегі, оттегі саналады. Өсімдіктердің қалыпты өсіп дамуы үшін қажетті элементтер: көміртегі, фосфор, калий, азот.

Биосферада биогенді миграция дегеніміз - тірі организмдер құрамына кіретін элементтердің айналымы. Миграция әсерінен тірі организмдер мекен ететін кеңістік шекарасы ұлғаяды. В.В.Вернадский ілімі бойынша биосферада биогенді миграцияға микроорганизмдер, барлық көп клеткалы организмдер және адам қатысады.

Биосферадағы азот айналымы мына схема бойынша жүзеге асады: атмосферадағы азоттың топырақ арқылы фиксациясы, детрит ыдырауынан кейін молекулярлық азотқа айналуы.

Биосферадағы химиялық элементтер миграциясы ауа, су, биогенді және техногенді миграцияға, миграция факторларына байланысты.

Тау жыныстары, минералдар мен химиялық элементтердің су, өзен ағыстары, жел, мұздықтар т.б. арқылы тасымалдану (миграция) типі механикалық деп аталады.

Фосфордың газ түріндегі формасы биогеохимиялық айналымға түспейді.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Биосферадағы азот айналымы қалай жүзеге асады№

Органикалық заттардың негізгі элементі - көміртектің айналымының мәнін кім негіздеді?

Табиғаттағы күкірт пен азот айналымына елеулі әсер етеді?

Эолды процесстер қандай миграция типінде басты роль алады?

Биосферада су айналымының жылдамдығы?

8 дәріс, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Табиғатта болмайтын техногендік қосылыстар.

Қарастырылатын сұрақтар

Дәріс мазмұны:


1. Пестицидтер.

2. Тыңайтқыштар.



Әдебиеттер: Степановских А.С. Общая экология, 33-55; 555-586; Степановских,137-139; Орлов Д.С., Безуглова, 44-68, 75-93, 283-290; Асқарова Ұ.Б. 268-274; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 185-194, 261-266, 266-273;
Ксенобиотик – бұл табиғатта болмайтын бөгде заттар. Мысалы: пластмасса, әйнек, синтетикалық бояулар, пестицидтер. Антропогендік әрекет артқан сайын ксенобиотиктердің биогеохимиялық айналымы артады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Ксенобиотик дегеніміз не?

Жоғары канцерогенділігімен сипатталады

Табиғатта болмайтын техногенді қосылысты атаңыз?

Биосфераны ластаушы химиялық заттарды ата.

Канцерогенді заттар салдары болып не саналады?

Зиянкестерге қарсы қолданылатын химиялық заттар қалай аталады?

9 дәріс



Тақырыбы: Биосфера – адамзаттың тіршілік ортасы.

Қарастырылатын сұрақтар

Дәріс мазмұны:


1. Биосфера туралы жалпы түсінік.

2. Биосфера және ноосфера.

3. Тірі заттың негізгі ерекшеліктері және оларға қатысты химиялық элементтердің айналымы.

Әдебиеттер: Шубаев, 311-318; Степановских, Общая экология, 372-404-бет, 5.91-сурет; Асқарова Ұ.Б. 70-76; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә.16-21; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 145-149;
1. Биосфера туралы жалпы түсінік.

Биосфера туралы ілімді жан-жақты ірі ғылыми негізде терең зерттеген ғалым – Владимир Иванович Вернадский. Оның биосфера жөніндегі ілімі жаратылыстану ғылымына қосылған өте ірі ғылыми жаңалықтың бірі болды. Қазіргі кезде де көптеген шетелдердің көрнекті ғалымдары В.И.Вернадскийдің биосфера ілімін мойындай отырып жоғары бағалайды.

Биосфера дегеніміз - тіршілік кездесетін атмосфераның төменгі қабаты, түгелдей гидросфера және литосфераның жоғары қабаты. Биосфера туралы ілімнің негізін қалаған В.Вернадский.

В.В.Вернадскийдің биосфера туралы негізгі ғылыми ой пікірлері 1926 жылы жарық көрген «Өмір аймағы» атты очеркінде айтылған. Биосфераның шекаралары туралы мәселені қойды.

Тіршілік таралуының жоғары шекарасы атмосфераның 20 км биіктікке дейін таралған, себебі одан жоғарыда өте күшті ультракүлгін сәуле байқалады. Аэропланктондар тропосферада кездеседі. Аэробионттар мекендейтін биосфера бөлігі аэробиосфера деп аталады.

Гидросферада гидробионттар мекендейді. Гидросферада тіршілік түгелдей таралған. Литосферадағы тіршілік дамуының төменгі шекарасы – 3-4 км.


2. Биосфера және ноосфера.

Жер планета ретінде табиғат жағдайларының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл оның шар тәрізді пішінімен, Күнді және өзінің осінен айналуымен анықталады. Өз кезегінде олар күн белсенділігінің ендік және маусым бойынша интенсивтілігінің өзгеруін қамтамасыз етді. Табиғат жағдайларының алуан түрлілігі Жердің күрделі рельефінің әсерінен де түзіледі. Бірақ жер биосферасының негізгі көптүрлілігін тірі организмдер жасады.

Қазіргі кезде планетамыздағы тірі организмдердің саны шамамен екі млн түр.

Биосфераның динамикалық жүйе ретіндегі ерекшелігі оның біртегіс болмауы (тепе теңсіздігі) және оның тірі затпен жұмысы Күн энергиясының ағынының нәтжесі болып табылады.

Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы. Тағы бір ерекшелігі оның космоспен тығыз, байланыстылығы (көбіне Күнмен)

Барлық басқа да табиғат құбылыстары тәрізді тірі және өлі заттың арасында анық байқалатын шекара жүргізуге болмайды. Мысалы вирустар басқа тірі организмдерден тыс тіршілік ете алмайды. Олардың ДНК-сы болады, бірақ басқа тірі организмдердің фермент жүйесін пайдалана отырып көбейе және өсе алады, сондықтан оларды тек белгілі бір көрсеткіштер бойынша ғана я тірі немесе өлі организмдерге жатқызамыз.

Ноосфера дегеніміз – ақыл-ой сферасы, биосфера дамуының жоғары стадиясы, адамның саналы іс-әрекеті биосфера дамуының жетекші факторы болып саналады.
3. Тірі заттың негізгі ерекшеліктері және оларға қатысты химиялық элементтердің айналымы.

Тірі заттар пайда болғаннан кейін ақ геологиялық күшке айналады. Қоршаған ортаға фотосинтез процесі нәтижесінде бос оттегі бөлінуі салдарынан қазіргі атмосфера құрамы пайда болды; гидросфераның тұзды құрамы және литосфераның жоғары бөлігі өзгерістерге ұшырады. Тіршілік алдымен суда пайда болғанмен біртіндеп құрлыққа тарала бастады.

Құрлық биомассасының негізгі бөлігін (99,2%) жасыл өсімдіктер құрайды (кесте 3).
Кесте 3 - Жердің тірі ағзаларының биомассасы (И.И.Базилевич және т.б. бойынша)

1


Орта.

Ағзалар тобы

Масса 1012

Қатынасы

Континенттер

Жасыл өсімдіктер

2,40

99,2




Жануарлар мен микроорганизмдер

0,02

0,8




Барлығы

2,42

100

Мұхиттар

Жасыл өсімдіктер

0,0002

6,3




Жануарлар мен микроорганизмдер

0,0030

93,7




Барлығы

0,0032

100

Жердің ағзалардың биомассасы

2,4232

-



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Биосферада қазіргі кезде тірі заттың биомассасы қаншаға тең?

Биосфераның тіршілік етуінің негізі болып не саналады?

Жер қыртысындағы кларкі 47, ал тірі заттағы мөлшері 70% болатын элементті ата.

Жер қыртысындағы мөлшері 0,35%, ал тірі заттағы мөлшері 18% болатын элементті ата.

Құрлық биомассасының 0,8 процентін ғана құрайтын тірі организмдер тобы?

Мұхиттар биомассасының 93,7 процентін құрайтын тірі организмдер тобы?

Биосфера дамуының ең жоғарғы сатысы - сана сатысы қалай аталады

"Ноосфера" терминін француз оқымыстылары Э.Леруа және П.Тейер де Шарден алғаш рет қашан қолданды?

10 дәріс, 1 кредит сағат



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет