Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Нанды бӛлісудің дәмі наннан да дәмді



Pdf көрінісі
бет31/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Нанды бӛлісудің дәмі наннан да дәмді 
Соңғы сабақтың соңдары еді. Оқушылар сыртқа шығуға асығып отырған болатын. 
Кітап−дәптерлерін сӛмкелеріне салды. Қоңырау соғылса болды, шығуға дайын отырды. Тек 
Али ғана дайындалмады. Кешігіп шығуға тырысты. Бір кезде қоғырау соғылды. Оқушылар 
есікке лап қойды. Али орнынан тұрмады. Ақырындап заттарын жинастырды. Кӛзінің 
қиығымен ұстазына қарап, оқушылардың кеткенін күтті.
Ұстазы оның бұл тұрысын байқап қалып: 

Али, не болды? Үйге бармайсың ба? – деді.
Али соңғы оқушының да шыққан кӛріп, жауап берді: 

Сізбен сӛйлескім келіп еді. 

Иә, не айтасың? 

Ахмет досымыз бар ғой.... 

Иә, Ахметке не болыпты? 

Жағдайлары жақсы емес сияқты. Анасы азық сӛмкесіне онша жақсы нәрселер салмайды. 

Иә? 

Оған кӛмектескім келеді. Бірақ, менің кӛмектескенімді білсе ренжиді. Күнде бір бәліштің 
ақшасын жинап беріп, апта сайын сізге берсем, ал сіз оған берсеңіз? 
Қалтасынан бір уыс ұсақ ақша шығарып, ұстазының үстеліне қойды. Нұрхан мұғалім 
ақшаға тимеді. Орындығына отырып ойланды. Али туралы мәліметтерін түгелдеді. 
Білуінше отбасының жағдайы онша жақсы емес−тін. Мына озат оқушы қандай ақылды еді. 
Бай отбасынан шықпаған. Соған қарамастан басқаға кӛмектескісі келеді. Оған қоса 
кӛмектескенін оның білгенін де қаламайды.
Нұрхан мұғалім: 


46 

Тұра тұр, Али. Менің білуімше сендердің де материалдық жағдайларың онша жақсы емес. 
Дұрыс айтып тұрмын ба? 

Дұрыс айтасыз, ұстазым. Әкем қара жұмысшы. Кӛбінесе жұмыс таппайды. Бірақ, мен де 
жұмыс істеп ақша табамын. 

Қайда істейсің? 

Бәліш сатамын. 
Нұрхан мұғалім тағы да ойланды. Мынадай жақсылыққа енді не деуге болады? Оны 
бұдан бас тартқызу үшін бір себеп табуы керек еді. Оның үстіне мына оқушысын да 
ренжітіп алмауы керек. Онымен тағы біраз сӛйлессе, бәлкім бір жолын табармын деп 
ойлады.
Ол Алиға қарап: 

Ӛскенде кім болғың келеді? 

Ӛте бай кәсіпкер... 

Неге? 

Адамдарға кӛбірек кӛмектесу үшін... 

Жақсы, енді сен қара, Али. Ахметтің отбасының жағдайы онша жақсы емес, бұл дұрыс. Бірақ, 
сендердікі де одан артық емес. Сен асықпа. Ӛте бай болған кезіңде адамдарға кӛмектесесің, 
жарай ма? 

Жоқ, қазір кӛмектесуім керек. 

Неге? 

Үш себебі бар. Біріншісі, бұл ақша онсыз да менікі емес. Жақсылық жасағаным үшін Аллаһ 
мені адамдарға жақсы етіп кӛрсетеді. Адамдар осындан ықпалданып, кӛбірек бәліш алады. 
Осылайша, күн бойы жұмыс істейтіндерден де кӛп бәліш сатамын. Оның үстіне біз жақта 
Хасан деген кӛке бар, күнде екі бәліш алып, кӛгершіндеріне береді. Екіншісі, «Ағаш жас 
кезінде иіледі» леген сӛз бар. Қазірден жақсылық жасауды үйренбесем, ӛскен кезімде тіпті 
жасай алмаймын. Қазірден жақсылық жасамай, оны бай болатын кезіме қалдырсам бай 
болған кезімде одан да бай болатын кезіме қалдырып ӛзімді алдаған боламын. Үшіншісі, ең 
маңыздысы, ӛскен кезімде ӛте бай кәсіпкер болғым келеді. Ӛз уақытысында ақша 
салмағандар үлкен кәсіпкер бола алмайды. 
Нұрхан мұғалім ӛзін үлкен адамның алдында тұрғандай сезінді: 

Соңғысын онша түсіне алмадым,− деді. 

Түсіндірейін. Қазір ӛте бай болмағандықтан күніне бір бәліш ақшасындай ғана кӛмектесе 
аламын. Одан артық бере алмаймын. Аллаһ жұмақты шамасының келгенінше жақсылық 


47 
жасаған адамға береді. Қазіргі шамам осыған жеткендіктен жұмақтың бағасы бірнеше 
бәліштің бағасындай. Егер байымай ӛліп кетсем бірнеше бәліш ақшасымен жұмаққа бара 
аламын. Бұдан асқан табысты салым бар ма? 
Нұрхан мұғалім кӛзі жасқа толған қалпы басын «Иә» деп изеп, Алиді үйіне жіберді. 
Сыныпқа кіріп, заттарын жинастырып жатқанда үстелдің үстіне Алидің тастап кеткен 
ақшасын кӛрді. Орындығына қалай отырып қалғанын ӛзі де білмей қалды. Ақшаны қолына 
алды.
Ешқандай ақша оған осыншалықты қадірлі болып кӛрінген емес еді. Дәл бір қолында 
әлемнің ең қымбат інжу−маржандарын ұстап тұрғандай еді. Тіпті, бұл ақша олардан да 
қымбат еді. Бұл бәліш ақшалары жұмақты сатып алуға болатын ақшалар еді.
Ол отырған жерінен тұра алмады. Ішінің толып қалғанын, айтып жеткізе алмайтын 
сезімдерге тұншыққанын сезінді. Бірден жауған нӛсер жаңбыр секілді кӛзінен жас тӛгілді... 
Тӛгілді... Тӛгілді... Тӛгілді.... 
Ӛз−ӛзіне келіп, есін жиғанда кеш болып қалған еді. Ақырын басып, сыныптан 
шықты. Мектептен шығарда күзетші Садық Нұрхан мұғалімнің «Ұсақ бәліш ақшасына 
жұмақты сатып алу» деп сандырақтап бара жатқанын кӛрді. Күзетшінің «Не дейсіз?» 
дегенін де естімеген Нұрхан мұғалім қараңғылыққа сіңіп кетіп қалды
87

Иә, айналаңызға қарасаңыз кӛптеген Алилер, Айшалар кӛресіз. Біздің міндетіміз 
оларды тауып, соларға кӛмектесу. Материалдық жағдайымыз жақсы болмаса да бір нанды 
бӛлісе білудің ӛзі үлкен ерлік. 
Ұмытпаңдар, нанды бӛлісудің дәмі наннан да дәмді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет