Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Ӛтірік сӛйлеу мұнафықтың бірінші белгісі



Pdf көрінісі
бет42/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Ӛтірік сӛйлеу мұнафықтың бірінші белгісі 
Әуелі мұгафықтың сипатына тоқталайық. Мұнафық шынайы түрде иман келтірмей
мұсылман секілді кӛрініп, мұсылман сияқты ӛмір сүретін адам. Сӛзі ісіне сай емес, іші 
басқа, сырты басқа адам мұнафық болып табылады. 
Біз мұнафықтарды екіге бӛлеміз. Біріншісі сенімдік мұнафық, екіншісі әрекеттік 
мұнафық. Сенімдік мұнафық ӛзін мұсылман секілді кӛрсетіп, Исламға және мүміндерге 
дұшпандығын жасыратын адам. «Кейбір адамдар бар, сенбесе де «Аллаһқа және ақырет 
күніне сендік»
126
дейді» деген аят осы ақиқатты кӛрсетеді.
Әрекеттік мұнафық болса Исламға және оның негіздеріне сене тұра іс−әрекетінде 
алауыздықтың белгісі бар адам. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) бір 
хадисінде «Мұнафықтың үш белгісі бар: Сӛйлеген кезде ӛтірік айтады, уәде берсе уәдесінде 
тұрмайды, ӛзіне бір нәрсе аманат етілгенде аманатқа қиянат жасайды»
127
деп екі 
мұнафықтың да негізгі сипаттарын кӛрсетіп береді.
125
Б
ұ
хари, Едеб, 69 
126
Ба
қ
ара, 2\8 
127
Тирмизи, Бирр, 26 


70 
Хадисте де айтылғаны секілді ӛтірік айту бір алауыздықтың белгісі. Әрі, алауыздық 
белгісінің біріншісі. Мұсылмандар бұған жеткілікті мән бермеуде және түрлі ӛтіріктерге 
барып қалады. Мысалы, сабаққа кешіккен оқушы кешігуінің шын себебін жасырып, жаза 
алмау үшін әртүрлі ӛтіріктерге жүгінуі мүмкін. Бір жолдасымыз бізге телефон шалады, біз 
онымен сӛйлескіміз келмесе қасымыздағы адамға алғызып, «Қазір мұнда емес, жиналыста» 
деген секілді ӛтіріктер айтқызуымыз мүмкін. Кез−келген мәселеде толығымен ӛзімізді ақтап 
кӛрсету үшін мың түрлі ӛтіріктер айта аламыз.
Алайда, мәселе ӛте жауапты. Мүмін ӛтірік мәселесінде ӛте мұқият болуы керек. «Ей, 
адамдар! Кӛбелектің отқа түсетіні секілді сендерді ӛтіріктің соңынан еруге тартатын не?»
128
деген пайғамбарымыз ӛтірік мәселесінде мұқият болуымызды ескертеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет