109
Осман мемлекетінде кітаптарға үлкен мән берілген. Билеушілер, сұлтандар, уәзірлер,
пашалар тарапынан ғылым мен мәдениет ошақтары құрылған. Олардың ӛмірін жалғастыру
үшін бай қорлар құрылған. Фатих Стамбулды алғаннан
кейін ғылыми ұйымдар мен
кітапханалар қайтадан жаңартылды. Алғашқы Стамбул кітапханаларының ішінде Аясофия,
Зейрек, Еюб Сұлтан және Фатих медресесі ішінен құрылған кітапханаларды айтуға болады.
Фатих Сұлтан Мехмет Еюб Сұлтан мешітіне 3000 кітап сыйлаған. Басқа Осман
падишахтары кезеңінде де кітаптар мен кітапханаларға үлкен
мән беріліп, жаңа
кітапханалар салынып, толықтырылған. Адамзаттың сәні және мәдени қазынасы болып
саналатын бұл еңбектер ӛкінішке орай, тарихта кӛп талан−тараж етілген.
Осман мемлекетінде кітап пен ғылымға қалай мән берілгенін бір мысалмен берейік:
«1044\1634 жылы марқұм Сұлтан
Мұрат хан Реван жорығына шығып, 1045\1635 жылы
қайтып оралып, шын ықыласымен ниет етіп, шешімін былай түзетеді: Он жылға созылған
уақыт жорық түрінде ӛтті, қаншама шайқастар мен оқиғалар орын алды. «Кіші жиһадтан
үлкен жиһадқа қайттық» деген сӛзге орай бұдан былай ғылым жолына бет бұруға күш
салынады және ӛмірдің қалған бӛлігі ғылым алуға арналады,
ризық пен еңбекақы ғылым
үйрену жолына жұмсалады деп шешім қабылдаған.
Осындай ниетпен Стамбулға келе жатқанда Халебке тоқтаған кезде Саххаф
дүкендеріндегі кітаптарға кӛз жүгіртеді. Содан соң иләһи
шабытпен кітап аттарын жаза
бастаған Сұлтан Стамбулға келген соң мұрагерлік жолмен қолына түскендерін кітаптарға
жұмсап, үлкен құмарлықпен ғылыммен айналыса бастаған. 1046\1637
жылы оған осы
кітаптарды оқу нәсіп болды. Он жыл бойы күндіз−түні қаншама кітаптар оқыды. Кейде бір
кітапқа берілгені соншалық күн батқаннан күн шыққанға дейін балауыздың жарығымен
кітап оқып шығатын, жалығып,
шаршауды білмейтін
220
.
Османдықтарда ғылым мен ӛнер адамдарына мән берілгендігінің кӛрінісі кӛркем
жазумен айналысатындарға кӛрсетілетін құрмет болатын. Кӛптеген Осман ұлы тұлғалары
қонақтарына күнде бір кӛркем жазушыны шақыртып Құран Кәрім, Бұхари (ең атақты және
ең сенімді хадис кітабы) немесе Шифа и Шериф (пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи
уәссәлләм) мұғжизалары жазылған Кады Ияздың атақты туындысы) сияқты кітаптардан ең
болмағанда бір−екі қатар болса да міндетті түрде жаздыратын. Кӛптеген
Осман байлары
кӛркем жазумен табылған ақшаны адал ақша деп ешқандай мұқтаждығы болмаса да кітап
жазып, ақша тауып, қайтыс болған кездерінде жерлеу шығындарын сол ақшадан тӛленуін
ӛсиет ететін
221
.
220
Нежип Асым Языксык, Китап 105 ж
ә
не 107-108, Илетишим йайынлары, Стамбул, 1993
221
Нежип Асым Языксык, Китап 56-94, Илетишим йайынлары, Стамбул, 1993