Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет72/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

9.
 
Адам оқумен кемелденеді 
Адам оқыған сайын жетіліп, толыға түседі. Ӛйткені, оқу − рухтың азығы, 
кемелденудің кӛзі. Адам оқыған сайын ӛзінің қаншалықты аз білетіндігін аңғарады. Оқыған 
сайын ішкі дүниесінде кӛбірек оқуға ынтасы ауа береді. Оқылған әр кітап адамға тағы да 
оқу керектігін сыбырлайды. Осылайша, оқу ӛмірдің салтына айналып, адам оқусыз тұра 
алмайтын болады.
Ұлы ғалым Хаммад Әр Равиден: «Ғылыммен айналудан шаршамайсың ба?» деп 
сұрағанда ол «Не істейміз енді, бар күшімізді жұмсадық, ғылымның соңын таба алмадық. 
Таудың бірінен ӛтсек, алдымыздан басқа тау шықты» деп жауап берген.
Қартайғандықтан ғылымнан шаршаған және «Осы жаста бізге оқу жараса ма?» деп 
ұялған кӛкесіне Аббаси халифасы Мемун «Ғылым ізденіп ӛлгенің надандыққа қанағат етіп 
ӛмір сүргеніңнен артық» деген.
Имам Азамның шәкірттерінен Әбу Юсуф қайтыс боларында есінен танып, кӛзін 
жұмады. Біраздан кейін кӛзін ашып, басында тұрған адамнан ғылыми бір мәселе сұрайды. 
Ол «Қазір мәселе шешетін уақыт емес, біраз демал» дегенде ол «Әттең, келетін нәрсе мен 
ғылыммен айналысып жатқанда келсе. Мен де сонымен айналысып жатып кетсем арғы 
жаққа...» деген. 
Табиин Катаде Бин Диаме бар ӛмірін кітап оқып, ізденумен ӛткізген. Оның шәкірті 
Матар Әл Уәррак бұл туралы былай дейді: «Катаде қайтыс болғанша мұғалімдікпен 
айналысты»
222

Астроном Лаплас 78 жасында қайтыс болған кезінде «Білген ешнәрсеміз жоқ, ал 
білмегендеріміз жетерлік» деген.
75 жасында қайтыс болған және алғаш ағылшын лексикасын жазған Самуэль 
Джонсон ӛлімінен бірнеше жыл бұрын голланд тілін үйрене бастаған.
Иә, адам ӛз уақытын бағалай білуі керек. Босқа ӛткен, жүрегіне, ақылына және 
рухына пайда бермей ӛткізген уақыттарына ӛкінуі керек. Қазіргі сәтін бағаламайтындар 
үшін бүгін деген нәрсе жоқ, тек ертең бар. «Тұра тұр, әлі ерте, жасаймыз» дейтіндерден 
«Қазір болмаса сонда қашан?» деп сұрау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет