Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Тарихтан күш алмай ілгерілеу мүмкін емес



Pdf көрінісі
бет80/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Көркем Мінез
Акылды создер
 
Тарихтан күш алмай ілгерілеу мүмкін емес 
Тарихтың және мәдени құндылықтардың әрбір ұлт үшін маңызы зор. Адамдар ӛткен 
тарихын, мәдениетін, ӛркениеттерінің қалыптасуын және деңгейлерге кӛтерілуін тарих 
беттерінен үйрене алады.
Адамдардың ӛткен уақыттардың әдемі естеліктеріне қуанатыны секілді ұлттар да 
ӛткен тарихтың жеңістерін есте ұстай отырып, материалдық және рухани ӛмірлерін 
күшейтеді.
Ӛйткені, санаға ӛтірік пен ойдан шығарылған нәрселер сіңірілсе де ақиқат тарихтың 
айқын беттерінде жазулы тұрады.
Тарихы терең, салтанатты және адами құндылықтарға толы ұлтты тарихынан бӛліп 
қарау мүмкін емес. Ұзақ ӛмір сүруді қалайтын, жоғары деңгейлі және ұлттық санамен 
қапталған ұлттың тарихқа мән беруі ӛте маңызды міндет.
Иә, тарихтың ӛткен беттерінде бір ұлттың болашағы үшін басатын қадамдарының 
іздері бар. Басқаша айтқанда болашақ заман ӛткен уақыттың айнасы. Ӛз мәдениеті мен 
ӛркениетінің тарихта қандай күші болғанын білместен, тарихтан күш алмастан алға басу 
мүмкін емес. Тарихтағы ұлы адамдарымыздың ӛз әдет−ғұрыптарына иелік жасап, 
ӛзгерместен болашаққа үмітпен қарау керек. Тарихын жақсы білетіндер болашағына 
үмітпен және алаңдаусыз қарай алады.
Сонымен қатар, тек тарихына және бұрын болған оқиғаларға мақтанып, ертең 
басқалар айтып жүретіндей әрекеттер жасай алмағандардың байсалды бір тарихи санаға ие 
екенін айта алмаймыз. Тарихи санаға ие болу дегеніміз тарихына қанағаттану және жұбану 
деген сӛз емес. Тарихи санаға ие болу тарихтан ғибрат алып, болашаққа қарай қадам 
басқанда соның жүгін арқалау деген сӛз. Ӛз құндылықтарына иелік жасаған, рухтарында 
нық иманы, бойында мықты еркі бар ұлттар ешқашан жойылмайды.
Біздің ұлтымызды ұзақ уақыттан бері әртүрлі айла мен тұзақтармен тарих санасынан 
және тарихи құндылықтарынан алыстату үшін тырысқан кӛптеген күш болған. Оған 
жартылай болса да қол жеткізген болып кӛрінетін бұл адамдарға қарсы әсіресе жас 
ұрпақтың ояу болуы және тарихын ең дұрыс қайнар−кӛздерден үйренулері керек.
Тарих санасына иелік жасау ӛзінің тӛл құндылықтарымен қабыса ӛмір сүру − осы 
ұлттың рухында және негізінде бар нәрсе. Тарихы ұмыттырылған адамдарымыз есін жинап, 
жинақталуы және сол ескі күндеріне қайта оралуы күш арқылы жүзеге асуы мүмкін. 
238
Сызынты, Ейлул 1985 


123 
Тарихқа қараған кезде бұл ұлттың құрған мемлекетінің ыдырауынан кейін жаңасының 
ғасырлар бойы ӛмір сүруінің ең айқын кӛрінісі. Бүгін қадірлі, мықты және намысты ӛмір 
сүре алсақ мұның тарихымызбен қатысты екенін ұмытпауымыз керек. 
Иә, тарихымыз ӛз сеніміне, мәдениеті мен ӛркениетінің ілімдерімен тығыз 
байланыста болғандардың әрдайым алға ілгерілегенін, ал одан байланысын үзгендердің
ұлттық бірліктерінен айрылғанын кӛрсетеді. Сол себептен де қазіргі кезде ӛткені мен 
болашағының есебін жасай алатын ұрпаққа қажеттілік туындап отыр.
Ӛз рухынан ажырмай, ӛз мәдениетін ұмытпай ғылым мен даналықта алға жылжып, 
жоғары технологияларды үйрену керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет