181
толық қамту стратегиясы-тұтынушылардың барлық топтарын
қанағаттандыратын толық ассортиментті ұсыну.
Көптеген нақты жағдайларда мақсатты нарықты қамту стратегиясы
екі өлшем бойынша ғана тұжырымдалуы мүмкін: тұтынушылар
функциялары мен топтары, өйткені кәсіпорындар көбінесе олардың
салалық тиесілігін көрсететін бір ғана белгілі технологияға ие.
Нарықтың тиісті сегменттерін таңдағаннан кейінгі келесі кезең
нысаналы сегментті қамту стратегиясын айқындау болып табылады.
Жұмыс нәтижелеріне сәйкес мақсатты сегменттегі кәсіпорын қызметінің
келесі үш бағытын атап өтуге болады:
1) сегменттеу талдауының артықшылықтарын пайдаланбай, нарық
сегменттері арасындағы айырмашылықтарды елемеуден тұратын
сараланбаған маркетинг стратегиясы. Бұл стандарттау стратегиясының
мағынасы өндірістік шығындар, сондай-ақ қорлар, өткізу және жарнамада
үнемдеу болып табылады.
2) әрбір сегментке бейімделген маркетингтік бағдарламалар түрінде
іске асырылатын сараланған маркетинг стратегиясы. Бұл стратегия
кәсіпорындарға жеке баға, өткізу және коммуникациялық стратегиясы бар
бірнеше сегменттерде әрекет етуге мүмкіндік береді. Сату бағасы әр
сегменттің бағалық сезімталдығы негізінде белгіленеді;
3) бір немесе бірнеше сегменттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін кәсіпорын ресурстарын шоғырландыруда көрініс беретін
шоғырланған маркетинг стратегиясы.
Сонымен, қазіргі кезеңде бизнес жүйесінде нарықты сегменттеуді
зерттеу белгілі бір тауарды кейіннен болжау мақсатында сегменттің
әдістерін, критерийлерін анықтауды, мақсатты сегментті таңдауды
қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: