Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы



бет3/7
Дата14.10.2022
өлшемі41,66 Kb.
#152951
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
blum-taksonomiyasy

лум таксономиясы – жеке

тұлға шығармашылығын

дамытушы әдіс

Блум таксономиясы негізінен «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен тақырыптас, өзектес бір мақсат мүддеге бағытталады. Блум таксономиясы деген не?

«Оқу мен жазу арқылы жеке дара пікір туғызу, ол мынадай құрылым:

  • шы ңдалған ойлау, кез келген тану деңгейіне байланысты мәселелерге пікір қосу;


  • күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға әкелту.


  • үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.


Блум таксономиясы алты кезеңнен тұрады.

1. Білім

2. Түсіну

3. Қолдану

4. Талдау

5. Жинақтау (синтез)

6. Бағалау.


Қазіргі уақытта мектеп мұғалімінің алдында тұрған жауапты міндет – оқушыға тиянақты білім беру. Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, оқушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше.

Осы оқыту негізінде қолданатын оқыту формалары топтық, топтық – жеке, жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар, т.б. қолдану оқытудың міндеті мен шарты болып табылады.

Күтер нәтиже: қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім – тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан – жақты дамыған жеке тұлға туғызу.

Бұл әдістеме оқушылардың креативтілігін дамыту мәселесін шешуге жол ашады. Е.Торрекс бойынша креативтілік білім игеруде кездесетін қиындықтарды, кейбір кемшіліктерді шешудегі қабілеттілік.

Д. Богоявленская креативтілікті жеке тұлғаның «шығармашылық дарындылығы» деп қарастырады. Блум таксономиясы қолдану арқылы оқытуда жеке тұлға әр сапада көрініп, өзіне ғана тән жеке тұлға қажеттері қалыптасатыны анықталып тұр, белгілері мынадай:

- тәрбиеге ұмтылушылық – жаңа проблемаларға икемді мәселені шешуге бейімділік;

- талқылауға икемділік – тапсырманың шегіне шыға алу;

- ой ұшқырлығы – тез арада кенеттен шешім шығару тәсілдерін алу қабілеттілігі;

- ойлау ерекшелігінің болуы - өзбеттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару.

Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салат, атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, б.т. оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру – жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы.

Блум таксономиясы «интерактивтік – педагогикалық әрекет» ұғымын іске асыруға жүзеге асырушы болып табылады.


ИПӘ пәні – білім беру мен тәрбиелеу саласының теориясы мен тәжірибесінде кіріктірілген үрдістерді ұйымдастыру, өткізу және басқару, ИПӘ мақсаты – тұлғаның барлық салаларында руханиятты когнитивті, аффективті (эмоционалды –құндылықты), психомоторлық жаңа сапалық интегративті қасиеттерді қалыптастыру.

Тіл дамыту үрдісі ең алдымен, шығармашылық бағыттағы әр түрлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. В.Монахов технологиясының басты мақсаты – оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру болып табылады. Білімді толық меңгерту технологиясы оқушының білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге көтерілумен түсіндіріледі;

Американдық ғалымдар Ди Кэрон мен Б.Блумның білімді толық меңгерту технологиясының да маңызы зор. Педагогикада бұл технологияны «Блум таксономиясы» деп атайды. [ 13, 61]

Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады: оның кестесі төмендегідей:

1 – кесте Блум таксономиясы

Мақсаттар жүйесі

Мақсаттар жүйесі


Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті


Білім

Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері

Түсінік

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.

Қолдану

Алған білімді қолданады

Анализ

Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады

Синтез

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.

Баға(сыни өзіндік пікір)


Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.



Блум таксономиясының басты белгісі осындай жүйеленген мақсаттармен ерекшеленеді.

Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады.

Ғалым әдіс тәсілдерді когнитивті іс - әрекетіне байланысты өнімді - өнімсіз деңгей деп бөледі. Оны жоғарыдағы кестеден де көруге болады.

• Білім Оқушылар мұғалім·

• Түсінік өнімсіз деңгей Өздерінің белсенділігі төмен.

Қолдану

• Анализ Өнімді деңгей, яғни, шығармашылық деңгей

• Синтез Білім алу оқушыны өз іс - әрекеті белсенділігімен

жүзеге асады.

• Баға

Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол оқушылардың білімін шығармашылық деңгейге жетелеумен ерекшеленеді.

Блум таксономиясы – тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет