Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы


 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот  үш категорияға бөлінді



Pdf көрінісі
бет47/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy, 0012237a-acb08d87
 
1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот 
үш категорияға бөлінді:
 
қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау);
 
арыз-шағымдар  («қазақтардың  әдет-ғұрып  заңдары»  бойынша  билер  шешетін  екінші 
кезектегі істер);
 
облыстық  басшыға  берілетін  арыздар  бойынша  (қазақтардың    сұлтандар  мен  билерге, 
болыстарға т.б.).
 
Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша әр қожалық өкіметке 100 бас 
малдан  1  бас  мал  салық  төлеуге  тиіс  болды.  Жарғыны  қабылдаған  қазақтар  бірінші  бес 
жылда  салықтан  босатылды.  Қазақтарға  керуендерді,  почта  жолдарын  күзету,  байланыс 
жолдарын қадағалау сияқты және т.б. міндеткерліктер жүктелді.
 
Жарғының  арнайы  бір  параграфы  аға  сұлтандардың,  болыс-басқарушы  сұлтандардың 
және    округтік  приказ  шенеуніктерінің  мәртебесін  және  жылдық  жалақысын  белгіледі:  аға 
сұлтандарға жылына 1200 сом,  тілмаштарға – 800 сом, болыс сұлтандарына – 150 сом. 
 
Жарғы бойынша қазақтарға өз округтерінің ішінде және оның сыртында да тауарларын 
шығарып сатуға рұқсат етілді. Жарғының жеке баптары сауат ашу мәселесін қарастырды.
 
1838-1856  жылдары  Сібір  қазақтарының  облысын  басқаруды  реттеу  үшін  бірнеше 
«Ереже…» қабылданды және отаршыл әкімшіліктің қазақ даласына тереңдеп жылжи түсуіне 
мүмкіндік  берді.  Патша  әкімшілігі  шенеуніктерінің  жергілікті  жағдайды  дұрыс  білмеуі, 
әкімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге ұмтылуы,  басқарудың жаңа 
құрылымын  енгізуі  қазақ  қоғамының  жікшілдікке  ұшырауына  және  үкіметке  қарсы  көңіл-
күйдің  пайда  болуына  әкеліп  соқты.  Ол  қазақ  халқын  өз  мүддесін  қорғауға  шығарып, 
Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.
 
1824  ж.  Орынбор  генерал-губернаторы  П.  Эссен  даярлаған  «Орынбор  қырғыздары 
туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық 
билік  жойылып,  оның  территориясы:  Батыс,  Орта  және  Шығыс  болып  үшке  бөлініп, 
Орынбор  генерал-губернаторлығына  бағынды.  Бұл  бөліктердің  басында    аға  сұлтандар 
тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендеұлы 
болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын 
казак-орыс  отрядтары  берілді.  Сұлтандарға  жылына  1200  сом  жалақы  төленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет