Теорема: Қысқартылмайтын бөлшегі ақырлы ондық бөлшекке q
жіктелуі үшін, оның q бөлімінің 2 мен 5 – тең басқа жай бөлгіштері болмауы қажетті және жеткілікті.
0,8
Бөлшектің негізгі қасиетін пайдалана отырып 7,234 бөлшегін төмендегіше жазуға болады:
7,234 7 ...,
Бұдан 7,2347,23407,23400...екенін көреміз.
Сонымен, ондық бөлшектің оң жағына нөлдерді қосып жазғаннан немесе ондық бөлшектің оң жағындағы нөлдерді алып тастағаннан ондық бөлшек өзгермейді
4.2. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерді қосу (азайту) үшін олардың бірдей разрядтарының бірінің астына бірі, ал үтірді үтірдің астына түсетіндей етіп жазады да, натурал сандар сияқты қосады (азайтады)
0,132 9,871
2,354 7,320
2,486 2,551
Сонымен, 0,132+2,354=2,486; 9,871-7,320=2,551
Ондық бөлшектерді көбейту үшін үтірге назар аудармай (натурал сандарды көбейту сияқты) оларды көбейтіп, көбейткіштердің үтірлерінен кейін барлығы қанша цифр болса, алынған көбейтіндінің оң жағынан сонша цифр тастап үтір қою керек.
Мысалы, 2,7-ні 1,3-ке көбейтейік.
Алдымен 2713 351аламыз.
Көбейткіштердің үтірлерінен кейінгі барлық цифрлар екеу болғандықтан, көбейтіндінің оң жағынан екі цифр тастап үтір қоямыз: 2,7 1,3 3,51
Егер үтірмен ажырататын цифрлар көбейтіндіде жетіспесе, онда көбейтіндінің алдына нөлдер жазады.
2,12
0,13
636
Достарыңызбен бөлісу: |