Әдетте жоғарғы сатыда тез өсетiн және жарық сүйгiш ағаш түрлері, ал екiншi және үшiншiде көлеңкеге шыдамдылар орналасады, олар өмiрiнiң алғашқы жылдарында ақырын өседi.
Сүрекдiң сатыларын бөлу мына жағдайларда: егер әр сатының толымдылығы 0,3-тен кем болмаса, ал орташа биiктiгiндегi айырмашылығы – 20 пайыздан кем болмағанда жүргiзiледi. Биiктiк 4-тен 8 м-ге дейiн болғанда, оның орташа биiктiгi жоғары саты биiктiгiнiң 1/4 құраған жағдайда сатыға (ярусқа) бөлiнедi. Барлық басқа жағдайларда алқа ағаштың төменгi шымылдығы өскiн ретінде бағаланады.
Құрамы – сүрекдiңде ағаш түрлерінің араласу белгiсi. Құрамы бойынша сүрекдiңдер таза және аралас болып бөлiнедi. Егер сүрекдiң бiр ағаш түрінен тұратын болса немесе басқа ағаш түрінің қоспасы жалпы қордың 5 пайызынан аспаса, ол таза болып аталады. Сүрекдің құрамында бiрнеше ағаш түрлері (екi немесе одан көп) болғанда, ол аралас деп аталады.