Пiшiн (форма)– ағаш желегінің сүрекдiңде түйісуі түрiн сипаттайтын белгi.
Көлденең түйісу – қарапайым немесе бiр сатылы сүрекдiң; тiк түйісу – күрделi немесе екi-үш, көп сатылы сүрекдiң болып келедi.
Қарапайым сүрекдiңдер, мiндеттi түрде құнарсыз орман өсiмдiктерi жағдайында, күрделiлер шұрайлы жағдайда, әсiресе, климаты қолайлы аудандарда құралады.
Әдетте жоғарғы сатыда тез өсетiн және жарық сүйгiш ағаш түрлері, ал екiншi және үшiншiде көлеңкеге шыдамдылар орналасады, олар өмiрiнiң алғашқы жылдарында ақырын өседi.
Күрделi алқа ағаш мысалы ретiнде, жоғарғы сатыда қайың, төменде шырша өсетiн сүрекдiңді айтуға болады.
Сүрекдiң сатыларын бөлу мына жағдайларда: егер әр сатының толымдылығы 0,3-тен кем болмаса, ал орташа биiктiгiндегi айырмашылығы – 20 пайыздан кем болмағанда жүргiзiледi. Биiктiк 4-тен 8 м-ге дейiн болғанда, оның орташа биiктiгi жоғары саты биiктiгiнiң 1/4 құраған жағдайда сатыға (ярусқа) бөлiнедi. Барлық басқа жағдайларда алқа ағаштың төменгi шымылдығы өскiн ретінде бағаланады.
Құрамы – сүрекдiңде ағаш түрлерінің араласу белгiсi. Құрамы бойынша сүрекдiңдер таза және аралас болып бөлiнедi. Егер сүрекдiң бiр ағаш түрінен тұратын болса немесе басқа ағаш түрінің қоспасы жалпы қордың 5 пайызынан аспаса, ол таза болып аталады. Сүрекдің құрамында бiрнеше ағаш түрлері (екi немесе одан көп) болғанда, ол аралас деп аталады.