Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Сүрекдіңдердің сипатты белгiлерi



бет20/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

1.2.4 Сүрекдіңдердің сипатты белгiлерi. Орман бiр-бiрiнен бiршама табиғи белгiлерiмен ерекшеленетiн алқа ағаштардың жекелеген учаскелерiнен тұрады. Сүрекдіңдердің негiзгi, аса сипатты белгiлерiне мыналар жатқызылады: тегi, пiшiнi (формасы), құрамы, жасы, бонитетi, толымдылығы, түйісуі мен жиі орналасуы, тауарлығы, орман типi және өсiп-өну орнының түрi (типі).

Тегі – алқа ағаштардың көбею тәсiлiн сипаттайтын белгi. Сүрекдіңдер тұқымнан өскен, вегетациялық көбейген, аралас, сондай-ақ, табиғи және жасанды тектi болып бөлінеді. Тұқымды себу немесе арнайы өсiрiлген жас өсiмдiктердi отырғызу арқылы пайда болған сүрекдiңдердi жасанды тектіге, ал тұқымның желмен таралуы немесе вегетациялық көбеюі арқылы құралғандарды табиғи текті сүрекдiңдерге жатқызады.

Табиғи сүрекдiңдер шыққан тегi бойынша тұқымдық немесе вегетациялық болуы мүмкiн. Тұқымдық деп – тұқымнан өсiп шыққан сүрекдiңдер аталады, ал вегетациялық немесе түбірөркендiк деп түбiрлерден, тамыратпа бұтақтары мен сұлатпа сабақтар өскiндерiнен шыққандарды атайды.

Тұқымдармен барлық ағаш түрлері, ал түбірөркендер арқылы көбiне, жалпақ жапырақтылар көбейедi.

Түбірөркендермен қайың, емен, шаған, үйеңкi, жөке және басқа ағаш түрлері, тамыратпа бұтақтарымен көктерек, ақ қараған, қарағаш, терек және басқалар қайта көбейедi.

Топырақпен жанасып, төмен орналасқан бұтақтар тамырлана отырып, жаңа өркен – сұлатпа сабаққа бастау бередi. Сұлатпа сабақтармен (көбiне, олардың таралуы солтүстiк шекарасында) шырша және майқарағай көбейе алады.

Тұқымнан өскен сүрекдiңдер алғашында түбірөркендерден ақырын өседi, бiрақ кейiннен оларды қуып жетiп биiктiгi, сондай-ақ, диаметрі бойынша да үлкен мөлшерге жетедi. Сондықтан тұқымнан өскен сүрекдiңдерді биiк дiңдi, ал түбірөркендерден өскен сүрекдiңдерді аласа дiңдi деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет