Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет23/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

Жас класы – сүрекдiңдi шаруашылық тұрғысынан бiркелкi деп есептеген уақыт кезеңi. Қылқанды және қатты жалпақ жапырақты ағаш түрлерінің тұқымнан өскен сүрекдiңдер үшiн жас класы ұзақтығы – 20 жыл, жұмсақ жалпақ жапырақты және қатты жалпақ жапырақты ағаш түрлерінің тамырөркенiнен шыққандар үшiн – 10 жыл және тез өсетiн ағаш түрлері (терек, сұр қандыағаш, ақ және сынғыш талдар және басқалар) мен бұта түрлері үшiн 5 жыл.

Егер сүрекдiң құрайтын ағаштардың жасы бiр жас класы шегiнде ауытқып отырса, онда мұндай сүрекдiңдi бiр жастағылар, ал егер ағаштардың жасы бiр жас класы шегiнен асса, онда әр түрлi жастағылар деп атау қабылданған.

Орманшылық ұғымда І жас класы сүрекдiңдерiн балауса ағаштар, ІІ – сырғауыл ағаштар, ІІІ – орта жастағылар, ІV – жетiлiп келе жатқан ағаштар, V және VІ – толысқан ағаштар, VІІ және одан жоғарыларды көнерген ағаштар деп атайды.

Бонитет – орташа биiктiгi, жасы және тегi бойынша анықталатын сүрекдiңнің өнiмдiлiк көрсеткiшi. Сүрекдің неғұрлым биiк, әрі жас болса, соғұрлым бонитет класы жоғары, орман өнiмдiлеу болып саналады.

Бонитет негiзгi бес класқа жіктелген: І класқа жоғары өнiмдi сүрекдiңдер, V класқа төмен өнiмдi сүрекдіңдер жатады. Кейде аса жоғары өнiмдi сүрекдiңдер үшiн 1А және 1Б, ал өте төмен өнiмдiлер үшiн 5А және 5Б бонитет класын қою қажеттiгi туады. 10 жасқа дейiнгi балауса ағаштарға бонитет класының өсiп-өну жағдайы орман типi бойынша қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет