Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет26/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

Орман типi – орман өсiмдiктерi жағдайларының белгiлi түрiмен, ағаш түрлері құрамының, сатылар санының, тiрi жабынының бiрдейлiгiмен, жануарлар дүниесiнiң ұқсастығымен сипатталатын және бiрдей экономикалық жағдайда бiркелкi орман шаруашылығы шараларын талап ететiн орман учаскесi немесе учаскелер жиынтығы.

Орман өсiмдiктері жағдайының типi – орманды және ормансыз учаскелердегi бiркелкi орман өсiмдiктерi жағдайының жиынтығы. Орман өсiмдiк жағдайлары – орманның өсу жағдайын анықтайтын климаттық, гидрологиялық және топырақ әсерлерiнiң кешенi.

Сұрақтар
1. Орман фитоценозы дегеніміз не?

2. Орман қандай құрам бөліктерден (компоненттерден) құралады?

3. Алқа ағаш пен сүрекдің туралы анықтама беріңіз.

4. Өсімтал, өскін, тірі топырақ жамылғысы және орман астары дегеніміз не және оның маңызы қандай?

5. Өскін мен орман астарының бір-бірінен айырмашылығы неде?

6. Қазақстанның қылқанды ормандарында қандай ағаш түрлері орман астары түрінде өседі және неліктен?

7. Сүрекдіңдердің сипатты белгілерін атап беріңіз.

8. Сүрекдіңдер тегі дегеніміз не? Олар тегі бойынша қандай болуы мүмкін?

9. Сүрекдіңдер пішіні (формасы) дегеніміз не?

10. Орман құрамы дегеніміз не және олар құрамы бойынша қандай болады?

11. Сүрекдіңнің жасы, жас класы дегеніміз не және олар жасы бойынша қалай жіктеледі?

а) тұқымнан өсіп шыққан қылқан және қатты жапырақты ағаш түрлері;

б) тамыр атпасынан өсіп шыққан жұмсақ және қатты жапырақты ағаш түрлері;

в) жылдам өсетін ағаш пен бұта түрлері үшін жас кластарының ұзақтығы қандай?

12. Орман бонитеті дегеніміз не және ол қалай анықталады?

13. Бонитет кластары мен орман типтері арасында қандай байланыс бар? Мысал келтіріңіз.

14. Орман толымдылығы, түйісу мен жиілік дегеніміз не және осы көрсеткіштерді қалай табады?

15. Әртүрлі жас кезеңдерінде орман толымдылығы мен түйісуінің қатынасы қандай?

16. Сүреңдің тауарлығы дегеніміз не және осы көрсеткішті қалай анықтайды?

17. Орман типі дегеніміз не және осы көрсеткіштерді қалай белгілейді?

18. Орманның өсу жағдайына қандай факторлар әсер етеді?

19. Орман құрамының формуласын жазыңыз:

а) таза қарағай орманы;

б) сүрекдің құрамының 80 %-ын қарағай, қайың – 20 %-ын құрайды;

в) қарағай 98, қайың – 2 %-ын құрайды;

г) шырша 96 көктерек 4 %-ын құрайды;

д) шырша 94 көктерек 6 %-ын құрайды;

е) шырша – 76, қарағай – 20, көктерек – 3, қайың – 1 %-ын құрайды;

ж) сүрекдің құрамының 60 %-ын емен, шаған – 30 %-ын, үйеңкі – 6, жөке – 3, шамшат 1 %-ын құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет