Ойынның мақсаты: Бір және көп заттарды ажырата білуге үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары:бір және көп заттар бейнеленген суреттер
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші бір және бірнеше заттар бейнеленген суреттер береді. Балалар бір зат бейнеленген суреттерді жеке, көп зат бейнеленген суретті жеке топтастырады.
Ойынның мақсаты:Балаларды рөлдерге бөліп ,сол рөл бойынша әрекет жасауға үйрету.
Ойынның мазмұны:Бір баланы сатушы етіп,қалған балалар сатып алушы болып ойнайды.
(Мысалы, Сатушы «Келіңіз,сізге не керек?» деген сөздерімен және сатып алушылар «Рахмет» сияқты мейірімді сөздерді қолдана білуге үйрету).