"Д.Қалматайұлы атындағы орта мектебі" кмм сі «Әдеп және парасаттылық»



бет36/44
Дата16.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#132053
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Байланысты:
Әдеп және парасаттылық КТЖ (2)
Сабақ жоспары, crossword 2, Docume
Ақыл — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат. Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны. Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады» - деп ұлы ғалым Әбу Нәсір әл-Фараби айтқандай мінез бен ақыл жарасса ғана адамгершілікке, сабырлылыққа қол жеткіземіз. 
Мухамадали: Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн. Қазақ халқының әдеп-қалпы көшпенділер мәдениетінің, салт-дәстүрінің уақыт ілгері жылжыған сайын кезеңімен өзгерген, әр дәуірде, әр қоғамдық құрылымда өмір елегінде екшеліп, талғамына сай сұрыпталып, ұлттық сипатын сақтай отырып жетілдірілген мінез-құлықтың ақ адал үлгісі. Әрбір адамның жетістікке жетуі оның тек ақылымен жектелмейді, сондай-ақ оның мінезіне де байланысты. Үлкен істің басын алып жүру үшінде сол ақылды адамға көркем мінез де қажет. Ақыл мен мінез жарасса ғана адам көп жетістікке жетеді.
Нафисабону: «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады» - дана Абай. Мінездің түрі өте көп. Мінездің жақсы болып қалыптасуы тәрбиеге, жеке тұлғаның ақыл-санасына байланысты. Ақыл бар жерде көркем мінезде болуға тиіс, себебі бұл екі ұғым – егіз ұғым. Ақыл мен мінезді бөліп қарастыруымыз дұрыс емес. 
 
«Ақыл парасаттылығы – мінез жарастығы» дегенге келіспеймін. Себебі, қазіргі заманымызда ақылға жүгініп, сабырлы шешім қабылдап, салмақты сөз сөйлейтін жастарымыз азайып бара жатыр. Қанша ақылды болсақта, мінезімізді тізгіндей алмайтын кездеріміз де жоқ емес. Ақыл мен мінезді егіз ұғым деп қарастырудың өзі қиын. Көркем мінез бен ақыл саналы адам қалыптастыруға аздық етеді. Ақыл мен мінез жарасу үшін әдептілік, ибалылық, шешендік, сабырлылық керек. Бірақ қазіргі заманда бұл қасиеттерге сай адамдар жоқтың қасы.

«Мінездің сиқы: екі аяғы есерлік, ессіздік дейтін екі баспалдақта тұрған адам сияқты екен», - деп ұлы жазушы Ғабит Мүсірепов қазіргі заманымыздың келбетін анық көрсеткендей. Келісті де көркем мінезі ақылымен сай келген адамды жолықтыру қиын, тіпті жоқ десек те болады. Саналы адам қалыптасу үшін, ең бірінші адамға ниет, сабырлылық керек, ал құбылмалы бұл заманымызда тек ашушаң, өмірден түнілген адамдарды ғана кездестіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет