Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет39/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын
хим синтез сессия жауап , 7 класқа арналған тест тапсырмалары
Электр пештерінде болат өндіру
Балқытудың басқа агрегаттарымен салыстырғанда электр пештерінде балқытудың артықшылықтарына мыналар жатады: 1. Жылдам қызып, 2000°С-қа дейін жылудың тұрақты болуы; 2. Тотықтанатын, бұрынғы қалпына келетін немесе бейтарап атмосфера және вакуум жасау мүмкіншілігі. Соның арқасында электр пештерінде сапасы жорғары және арнайы қасиеттері бар, зиянды қоспалары аз болаттар қорытуға болады. Металлургиялық электр пештері доғалы және индукциялы болып бөлінеді.
1. Доғалы болат өндіру пеші. Болат цилиндр (4) пешінің сфера тәрізді ұлтаны бар, оның астары отқа төзімді кірпіштен (1) қаланған. Корпус қабырғасында шихта салатын терезе(7) мен дайын болат ағатын науа (6) өтеді. Механизм (8) жәрдемімен шихта материалдарын салуға және дайын болған сұйық болат пен қожды құйып алу үшін еңкейтіледі.
Диаметрі 350-550мм электродтар мен шихта (3) арасында пайда болатын электр доғасы жылу көзі болып саналады. Электродтарға берілетін тоқ кернеуі 200-600 В, күші 1-10кА.
 
Электродоғалы пештердің сыйымдылығы 0,5-400 т аралығында. Болатты көбіне негізді электр пештерінде қоспаларын тотықтандырып және тотықтандырмай қорытады.
2. Электриндукциялық пеш тұлабойының (5) ішіндегі тигель (4), оның қақпағы (1) және сумен салқындайтын индуктордан (2) тұрады. Индуктор арқылы жиілігі 200-2000кГц ток өткенде магнитті қозғалыс пайда болады.
Индукциялық пештер сыйымдылығы бірнеше килограмнан 5 тоннаға дейін, кейбір жағдайда 25-30 т дейін етіп салынады.
Доғалы пештермен салыстырғанда индукциялық пештердің біраз артықшылығы бар:
а) доғаның болмауы металдарды көміртегісі мен газдары аз етіп балқытуға болады;
б) пайда болған электродинамикалық күштер сұйық металды араластырып, химиялық құрамын реттеп, бөгде бөлшектердің қалқып шығуына әсер етеді;
в) индукциялық пештердің шағын болуна байланысты, оларды арнайы кең үңгірлерге қойып, әртүрлі атмосфера немесе вакуум жасауға болады.
Индукциялық пештерде легірленген болаттардың қалдықтарын немесе күкірт пен фосфоры жоқ көміртегілі скрапты және ферроқорытпаларды балқытады.
Шихта балқығаннан соң металл айдынына қож төгеді: негізді пештерде – ізбес тасы мен плавик шпатын, қышқылды пештерде – шыны сынықтары кремнеземі SiO2 мол басқа материалдар. Қож металды тотығудан және атмосфера газдарымен қанығудан қорғайды, легірлеуші элементтердің жануы мен жылу шығынын азайтады.
Вакуумда балқыту арқылы құрыманда газдары мен бөгде элементтері өте аз қорытпалар алуға және оларды түрлі элементтермен легірлеуге болады.
Қорытылған болатты құйып алу тәсілдері
Балқу пештерінде қорытылған болатты құю көміштеріне құйып алып, көпір кранмен оны сом темір құятын жерге жеткізеді. Ол шөміштердің сыйымдылығы 5-250 т аралығында болады.
Ірі балқыту пештерінде болат қорытқанда шөміш сыйымдылығы 450 т-ға дейін болады (диаметрі мен биіктігі 6 м-ге дейін).
Болатты шойын қалыптарға немесе үздіксіз құю қондырғысының кристаллизаторына құяды.Шойын қалыптарының пішіні әрқилы болып жасалады. Прокатталатын сом темірлердің массасы 10-12 т ал поковка жасау үшін 250-300 т етіліп құйылады. Қалыпқа құюдың екі тәсілі бар; жоғарыдан шапшытып және сифонды құю.
Жоғарыдан құюда болатты шөміштен (2) әрбір қалыпқа жеке құяды. Болат жоғарыдан құйылғанжықтан, сұйық болат шашырап, тотық қабыршықтарымен араласып, тазалығы нашарлайды.
Болат құюдың сифонды әдісінде еденге (5) қойылатын қалыптардың саны 2-60 аралығында болады. Орталық құю жүйесінен құйылған болат қалыптың табанындағы каналдар арқылы (қатынас ыдыстары заңына сәйкес) бірденінен барлық қалыптарды бірқалыпты, шашырамай толтырандықтан құйма беті таза болады. Болат, жалғаннан қондырғыда (4) сұйық күйінде сақталып, қуыстары азырақ болып қатаяды. Көміртегілі болаттарды жоғарыдан, ал легірленген болаттарды сифонды әдістермен құяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет