Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Резеңкелік және полимерлік жаңа толықтырғыш материалдар



бет41/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын
хим синтез сессия жауап , 7 класқа арналған тест тапсырмалары
30.Резеңкелік және полимерлік жаңа толықтырғыш материалдар.
 
Резеңке өз алдына қиын көп құрылымды жүйені қояды, ол жүйе полимерлік негіз және әртүрлі химиялық қоспалардан тұрады. Резеңке алу үшін бөлме температурасынан төмен жоғарғы молекулярлық полимерлерден кристаллдық жағдайдан өте иілгіштікке – эластомерлерге дейін қолданады. Резеңкеге айна алатын эластомерлер көбінесе каучук деп аталады. 1932жылға дейін практикада табиғи каучук резеңке алуға болатын жалғыз материал болып келді. Каучуктардың өнеркәсіптік синтездерінің мәселесін шешу барысында ХХ ғасыр ғылым мен техниканың даму дәуірі болды.
Бутадиеннен алынған каучук синтезі 1932 ж. КСРО-да пайда болды. Мұны ойлап тапқан ғалым С.В. Лебедев. Ол жаңа өнеркәсіп, яғни синтетикалық каучук өнеркәсібіне қызмет еткен болатын. Қазіргі уақытта каучуктар, шынымен де, полимерлік материалдар түрлерінің арасында өте кең таралған. Әлемдік тұтынушылар саны 1974 ж. 10 млн. тоннаға жетті, ал сан-алуан түрлері күн сайын кеңеюде. Резеңке бұйымдарын жасау барысында каучуктардан басқа да резеңкелік бұйымдарға ерекше қасиет беретін сан қилы құрылымдар қолданылады. Қызметіне байланысты құрылымдар, яғни ингредиенттер вулканизация агенті, жылдамдатқыш және вулканизацияның активаторы, толықтырғыш, пластификаторлар және т.б. болып бөлінеді. Олар әртүрлі химиялық байланыс кластарына жатады.
Көптеген резеңкелік бұйымдар бір ғана резеңкеден емес, сонымен қатар текстілік және металдық материалдан жасалады. Оларға сым, металл, талшық жатады. Мысал ретінде қазіргі заманға сай автокөлік шинаны алуға болады. Оның құрамындағы текстилдік материалдар 15-35% салмағын құрайды.
Резеңке өнеркәсібіне табиғи, санымен бірге химиялық талшықтарды, соның ішінде жасанды және синтетикалықты қолданады.
Полимерлер деп макромолекулалары атомдардың бірдей тобын білдіретін, көптеген қайталанатын элементар буындардан тұратын заттарды атайды. Мұндай молекулалардың молекулалық массасы 500-ден 1 000 000 дейін құрайды. Жалпы деформация полимері үш суммлық тұрғыдан қарастырылады: икемділік, жоғарыпластикалық, пластикалық.
Каучук пен резеңке қоспаларынан вулканданған резеңкенің айырмашылығы онда кеңістіктік торлар құрылып, пластикалық қайтымсыз деформация үлесі төмендейді, эәнеде температураның кеңейген температурасында деформация жоғары эластикалық қайтымды сипатқа ие болады. Сондықтан резеңкені созылмақ серпінді матриалдарға жатқызылады.
Каучук пен резеңке қоспалары ақырсыз аз жылдамдықпен деформацияланғанда қасиеті бойынша сұйықтық тәрізді кернеу нөлге жақындайды, әрі сол мезетте резеңке өзін кернеуі ақырғы мән болатын қатты серпінді дене ретінде де көрсете алады. Осылайша каучук пен резеңке қоспаларына тән қасиеттерді өңдеу кезіндегі құлқы көрсетеді, жәнеде ол бұйымның сапасына да әсерін тигізеді.
Резеңке деп каучук пен күкірттің қоспасының түрлі қоспаларымен арнайы өңделуінен (вулканизация) алынған өнімді атайды.
Резеңкелік техникалық бөлшектерді дайындаудың технологиялық процесі жеке ретті операциялардан тұрады: резеңке қоспасын дайындау, қалыптау және вулканизациялау. Резеңке қоспасын дайындау оған кіретін құраушыларды араластырудан тұрады. Оны араластырудың алдында каучук иілімді болу үшін оны бірнеше рет алдын ала 40-500С-қа дейін қыздырылған арнайы иілткіш арқылы өткізеді. Пластикалық күйде каучук басқа компоненттермен өте жақсы араласады. Араластыруды червякті және біліктік араластырғыштарда өткізеді. Қоспаны дайындаған кезде ең бірінші компонент ретінде ескіруге қарсы компонентті салады, ең соңында вулканизатор немесе вулканизацияны тездеткішті қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет