Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Полимерлер химиясы бағытындағы жетістіктер



бет40/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын
хим синтез сессия жауап , 7 класқа арналған тест тапсырмалары
29.Полимерлер химиясы бағытындағы жетістіктер.
Химия ғылым ретінде әруақытта дамып келе жатыр. Және тек қана теориялық жағынан ғана емес. Адамзаттың осы осы даму кезеңінде химиялық жаңалықтар адамның әр түрлі қызметінің саларында тәжірибеде маңызды болып отыр. Сондықтан да химия саласындағы инновациялар жекеше түрде емес, басқа ғылымдармен, басқа білім облыстарымен және тәжірибелік бағыттармен – физикамен, биологиямен, экологиямен, қалдықтарды жоюмен, альтернативтік энергетикамен араласып дамуда. Осы облыстардағы химияның жетістіктері әдетте іске асырылады және тәжірибеде қолданыс табады.
Бұл бөлімде 2004-2007 жылдар аралығындағы химия саласындағы ең қызықты жаңалықтар бойынша шолу берілген. Бөлімдегі материалдар әлемнің ғалымдары (Ресей, Беларусь, Қазақстан және т.б.) үшін химия бойынша зерттеулер үшін кең өріс береді. Сонымен бірге осы облыстарда инновациялардың қаншалықты маңызды және оларды қолдану сфераларының кең екені көрсетілген.
Менделеевтің атындағы Ресейдің химикалық-технологиялық университетінің химиктері пластмассалық ыдыстардың барлық түрлерінің қалдықтарын өңдеудің жолын ойлап тапқан. Оларды тіпті бұл қалдықтардың қандай полимерден жасалғаны да ойландырмайды. Адамдардың күнделікті тұрмыста қолданылатын, дүкендердегі, киоскілердегі, асханалардағы полимерден жасалған ыдыстар, қапшықтар қайда кетеді ? Бұл сұрақ негізінде экологтарға арналған. Себебі, табиғаттың шикізат қоры шектеулі. Бірақ, полимерлік қалдықтарды топырақтың астына көміп тастау немесе өртеу тиімсіз. Тіпті мұндай жағдайда жер жетпейді.
Скептиктердің айтуы бойынша жердің көбісін топырақ пен пластикалық ыдыстардың басып кететін күн алыс емес көрінеді. Ал, пайдаланылған пластикалық ыдыстарды қайта пайдалану оңай іс емес. Бұның шешімін ресейлік ғалымдар төмендегідей шешуді ұйғарып отыр: алдымен полимерлік тараны жинап арнайы полигонда сорттайды. Сосын престеп салмағы 1 тонналық жүк түрінде жинайды да, майдалап ұнтақтайтын диірменге жібереді.
Алынған түйір түріндегі массаны су құйылған ваннаға салады. Мұнда пластиктердегі этикеткалар және желімнің қалдықтары ажырайды. Соңынан түйірлерді әр түрлі полимерлердің түрлеріне қарай бөледі. Мысалы, тығыздығы судан төмендері судың бетінде, ал ауырлары судың астында жиналады. Ары қарай тіпті оңай және қарапайым.
Арнайы барабанда полимерлердің қоспаларын полимерлерді сүзіп, кептіріп, үлкен қаптарға салады да қоймаға жібереді. Енді полимерлерді ең басты өзгерістер күтіп тұр – реакциялық экструдердегі химилық өңдеу. Осы жерде ең бастысы – әр түрлі полимерлерден құралған қоспаны қалай өңдеуге болады ? Себебі, полиэтилен, полиэфирлер, полиэтилентерефталат өздерінің өңдеу температурасында қыздыру барысында бірін-бірі ыдырата бастайды. Яғни, оларды бірге өңдеу мәселеге келіп тіреледі.
Мұндай мәселені шешу үшін ресейлік ғалымдар арнайы органикалық қоспаны полимерлік қоспаға қосуды ұсынды және оны ойлап тапты. Мұндай қосылыстар карбон қышқылдарының оксазолиндері болып табылады. Олардың қызметі негізгі көміртектік тізбектің ыдырауын тежеу. Қоспалардың түрлері әр түрлі және ол қандай полимерді және қандай температурада өңдеу керектігіне байланысты.
Кейбір алынған полимерлік композициялардың механикалық және соққының әсеріне беріктігі жоғары болады, суды мүлдем сіңірмейді деуге болады. Сондықтан, мұндай материалдардан жоғары ылғалдылық және температура жағдайында жұмыс істейтін су әзірлеу орталықтарының фильтрлерін, мембраналарын, жабдықтарын әзірлеуге болады. Қазіргі уақытта ресейлік химик-ғалымдар полимерлердің түріне және олардың қалдықтарының құрамына, химиялық өңдеу технологиясына қарамастан полимерлік қалдықтардың қоспаларын қайта өңдеуге жарамды жаңа реакциялық экструдердің жобасымен жұмыс істеуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет