Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Жақсы сөз жарым ырыс…» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айтады;
|
Оқушылар ұстазымен амандасады, бір-біріне жақсы тілектер айтады;
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам
(Қазіргі жағдайда) ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
Мағынаны білу
|
«Тірек сызбаны сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.
|
Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;
|
Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
презентация
|
Сабақтың ортасы мағынаны түсіну
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.
Бүйрек қызметіне кері әсер ететін жағымсыз факторларды атаңдар?
Неліктен өсімдіктегі тамақты көбірек пайдалану керек?
|
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;)
|
|