Дене тәрбиесінің қағидалары



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі25,89 Kb.
#94740
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5 тапсырма

Көрнекілік қағидасы

Көрнекілік дегеніміз – адамның сезім мүшелерін тану, түсіну, ұғыну үрдісінде қолдану. [14]Ал дене тәрбиесі мен спорт үрдісінде көрнекілік қағидасы үйрету және тәрбиелеу кездерінде қолданылады. Қозғалысқа үйретуді көру арқылы ғана емес, есту және бұлшық ет түйсігі арқылы да түсіне білу керек. Әр түрлі анализаторлар белгілері оқушылардың санасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады. Көрнекілік қағидасын тәжірибеде қолдану мынандай жолдармен пайдаланылады:


- үйренетін жаттығуды бөлшектеп немесе толық көрсетуді оқытушы, болмаса жақсы дайындықтан өткен оқушы орындайды;
- әр түрлі көрнекі құралдарды көрсету. Олар: суреттер, схемалар, фотосуреттер, кинограммалар, бейнемагнитофон жазулары, кинофильмдер т.б.;
- оқушының бейнелі сөздері: баяндау, түсіндіру, талдау, бұйрық сөздер және т.б.;
- қозғалыс техникасының қиын бөлшектерін, элементтерін, қимыл-әрекеттерді іштей ойша қайталау. Ол идеомоторлық қайталау деп аталады.
Көрнекілік қағидасын қолданар кезінде мынандай ғылыми-зерттеулер негіздерін ескере білуіміз қажет. Көру жүйесі арқылы қабылдау үш кезеңде орындалады, ол: сезіну, ұғына қабылдау және елестету. Ал есту жүйесі арқылы қабылдау тек қана елестету деңгейінде орындалады. (Б.Г. Ананьев, 1957). Адам сөз жүзінде айтылған хабардың 15%-ын, көзбен көрген нәрселерінің 25%-ын еске сақтайды екен. Егер осы екі хабарды беру тәсілі бірге орындалса, онда хабардың 65%-ы мазмұны есте сақталып қалады екен. (Н.В. Краснов, 1977). Көрнекілік қағидасын қолданғанда әрбір адамның жетекші анализаторы қайсысы екенін ескеру керек. Бір оқушыда жетекші көру анализаторы болса, екіншісінде есту, үшіншісінде қимыл анализаторлары болуы мүмкін. Көрнекілік қағидасын қолдану сипаты үйрену кезеңіне, жасына, жаттығушының дайындығына байланысты. Бұл қағида түрлерін кең пайдалану сабаққа ынталылықты арттырады, тапсырманы түсіну және оны орындауды жеңілдетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет