Денешынықтыру



бет178/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430
Құралдар мен материалдар: әр балаға массажға арналған доп, кегельдер, әр балаға созылмалы Су-джок сақинасы.
Билингвалды компонент: кім алысқа секіреді? – кто дальше прыгнет? сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шуақ шаша алтын таңда, Мөлдір таза ауада.
Табиғаттың бәрі оянады.
Қайырлы таң, балалар!
Сәлем бердім саған елім!
Тал бесігім – туған жерім.
Сәлем бердім бәріңізге!
II. Негізгі кезең.
Алаңның бір жағынан қарама-қарсы жағына жүру, баяу жүгіру. Балалар жүгіру кезінде алаңның бір жағымен тізелерін жоғары көтере отырып жүгіреді. Жүру. 2 тізбек болып қайта сапқа тұру
Қатты доппен жаттығулар орындау.

  1. Б.қ.: отыру. Допты табанмен домалату – өкшеден аяқтың ұшына дейін, оң және сол аяқтың табанын кезек-кезек қойып, допты жеңіл басып домалатады.

  2. Б.қ.: еденде отыру. Допты қос бүйірден табандарымен қысып 5–10 секунд ұстау, арасында босату.

  3. Б.қ.: отыру. Допты екі аяқтың табанымен – өкшеден башпайларға дейін бір уақытта домалату.

  4. Б.қ.: отыру. Табанымызды доптың үстіне қоямыз. Допты ақырын басып оңға/солға айналдырып қимылдатамыз.

  5. Б.қ.:отыру. Башпайлар жерге тиіп тұрады, өкше доптың үстінде. Өкшемен допты ақырындап басамыз. Бұл жаттығуды оң және сол аяқпен бір уақытта және кезекпен орындауға болады.

Негізгі қимылдарды орындау.
Спорттық ойындардың элементтері – футбол.
«Кім мерген» (қақпашаларға дейінгі арақашықтық – 2 метр). Орындау тәсілдерін көрсетеді: допты байыппен, асықпай домалату. Допты қақпашаларға домалату кезінде – екпінді қимыл жасау, аяқпен қатты соғу.
Балалар допты қақпаға кіргізуге тырысып, допты домалатады. Доптың артынан жүгіреді, допты қолдарына алады және өз топтарына қарай жүгіреді. Допты келесі ойыншыға береді, ал өздері тізбектің соңына тұрады.
Су-джоктың созылмалы сақинасымен саусақтарды уқалау: Кел санайық, санамақ,
Саусақтарды даралап:
Бас бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Балалар, арнайы жаттығулардан кейін саусақтарымыз пианиношылардың саусақтарындай епті, жылдам болып алды. Ойын түріндегі жаттығу: « Пианиношылар»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет