Денешынықтыру



бет381/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430

«Ұшақтар»


Балалар ұшақ ұшқыштарының рөлін орындайды. Олар залдың әр жеріне тұрады.
Педагог: «Ұшуға дайындал!» деген белгі берген кезде, балалар қолдарын қозғалтып, «ұшақты оталдырады». «Ұшамыз!» деген белгі берілгенде қолдарын қапталға созып, залды айналып шашырап жүгіреді. «Қонамыз!» деген белгі берілген кезде, ұшақтар тоқтайды, жерге қонады (балалар бір тізесін бүгіп отырады). Ойын 5-6 рет қайталанады.

«Құстардың ұшып келуі»


Балалар залдың бір шетінде жан-жаққа шашырап тұрады. Олар – құстар. Залдың екінші жағында өрмелейтін гимнастикалық қабырға тұрады (бірнеше аралығы, пирамидалары бар), қосарлы саты тұрады. Педагог: «Құстар ұшып кетті!» деген белгі берген кезде, құстар қанаттарын қомдап ұшады (қолдарын қапталға көтеріп, залды айналып жүгіреді).
«Дауыл!» деген белгі берілген кезде – құстар гимнастикалық қабырғаға қарай жүгіреді – дауылдан ағаштардың арасына кіріп тығылады. Педагог: «Дауыл тоқтады» деген кезде, құстар қабырғадан түсіп, қайтадан ұша бастайды. Педагог қажеттілік туындаған кезде балаларға көмектесу үшін өрмелейтін құралдардың қасында тұруы тиіс. Егер гимнастикалық қабырғаның аралығы аз болса, балалар орындықтарға, тақталарға немесе басқа да өрмелеу құралдарына мінуіне болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет