Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Суды кондиционерлеу (құрам сапасын жақсарту). Суды кондиционерлеу құрамынан артық мөлшердегі тұздарды және газдарды алу, жетпеген элементтерді қосу болып есептеледі



бет33/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

3.Суды кондиционерлеу (құрам сапасын жақсарту). Суды кондиционерлеу құрамынан артық мөлшердегі тұздарды және газдарды алу, жетпеген элементтерді қосу болып есептеледі.

Кондиционерлеуді жергілікті жерлердің, әсіресе жер үсті ащы және тұзды, жер асты суларындағы темірдің, маргенецтің т.б. және иодтың, кобальттың т.б. жетіспеушілігі кезінде жиі пайдалануға қолайлы болып саналады. Минералданған суларды тұщыту үшін мынандай әдістерді қолданады: электродиализ, гиперсүзу (кері қысым), дистилендіру, гелилі тұщыту, ион алмасу т.б.

Ауыл шарушылығында сапалы су мен қамтамасыз етуде аса қолайлы және тиімді, көп тараған әдіс-суды электродиализдеу және гиперсүзу (керісінше қысым) үшін шығарылған құрылымдар болып саналады. Бұл тәсілдердің, басты артықшылығы алынған судың тұщылығын қала құбырларындағыдай (0,5- 1 г/л) болмаса да, малдарды суаруға жарамды мөлшерге дейін (3-5 г/л) жеткізіп қалыптауға қолайлылығы болады.

Ион алмасу тәсілінде кең қолдануға болады. Оның негізі сүзгіштердің құрамындағы белгілі заттардың иондарының су ішіндегі элементтердің иондары мен алмасуына байланыстырылған. Соның салдарынан су ішіндегі артық тұздардан арылуға мүмкіндік туады.

Судың кермектігін жұмсарту үшін, ондағы кальций және магний катиондарын, толық немесе жартылай, химиялық зат пен немесе ыстық температураның көмегімен жояды. Жер асты суларын өңдеу кезінде, артық марганец және темірдің мөлшерін жойып, қалыптауға тура келеді, яғни мал фермаларына арналған суда марганецтің 0,1 мг/л ден, ал темірдің – 0,3 мг/л аспауын қадағалайды.

Судағы артық марганецті жоюдың бірнеше тәсілдері болады. Ауыл шаруашылық орындарын су мен қамтамасыз етуде, ең қолайлы тәсіл болып әкімен қатыстырып, перманганат калий және аэрация (оттегілеу) арқылы өңдеу болып саналады. Мұндай жағдайда, марганеці бар суда, темір де көп болады да, оны жоюға да әсері тиеді. Судағы марганец пен темірді өңдеу кезінде, олардың еритін қоспалары суға ерімейтін қалдыққа айналып тұнады. Өндіріс-тұрмыс суларындағы фтордың мөлшерінде қалыптау өте маңызды болып саналады. Оның концентрациясы ауыз суда 1,5 мг/л артық емес және 0,5 мг/л кем болмауы керек. Фтор кем болса, ауыз суды фторлау қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет