Малдарды суару тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар.
Малдарды суару кезінде ветеринарлық-санитарлық режимді (тәртіпті) сақтау, олардың денсаулығы мен өнімдерінің жоғары болуының кепілі болып есептеледі. Малдардың суға сұранысы олардың түріне, жасына, өніміне, азықтандыру түріне, суару тәсіліне, судың қасиетіне, ауа райы және жыл мезгілдеріне тікелей байланысты болады. Малдарды суарудың үнемді және жеңіл жолы, әрине автоматты суарғыштарды пайдалану болып саналады. Ірі қара малдарын суару үшін өндірісте жекелеме (ПА-1А, АП-1), топтап, төрт басқа арналған АГК-4 жылтып беретін, АГК-12 екі типті: АГК-12А – жазғы лагерлерде құбырсыз, АГК-12 Б – серуен аланыңда құбырлар жүйесі арқылы суаруға арналған, ВУК-3 суды жеткізіп және ірі қара мен ұсақ малдарды суаруға жасалған, ВУО-3 қойларды жайылымда суаруға, ал шошқаларды топтап қорада және жазғы лагерлерде суаруға арналған АГС-24 (10-15 градусқа дейін жылтып береді), қойларды топтап суаруға ГАО-4 автопоилкалары шығарылған. Сол сияқты, өздігінен тазаланатын бір және екі табақшалы шошқаларды жекелеп немесе топтап суаруға арналған ПСС-1, ПАС-24, және жазғы лагерлерде пайдаланатын емшекті (соскалы) автопоилкалар – ПБС (ірі шошқаларға), ПБП- енесінен айырған торайларға арналған авто суарғыштар бар.
Құстарды суаруға – арықшалы АП-2 типті, табақшалы – П-4А, вакумды – ПВ, нипелді автопоилкалар пайдаланылады.
Малдарды суару режиміне, түріне байланысты гигиеналық маңызы бар, кейбір ерекшеліктері болады.
Ірі қара малдары, жыл мезгілдеріне байланысты, автопоилкадан суару кезінде тәулігіне 10-20 ретке дейін су ішеді. Егер автосуарғыштар жоқ болса (жайылымда) тәулігіне 3 реттен, ал ыстық күндерде 4-5 реттен суарылады. Сиырлар бұзаулағанан соң суды жиі ішеді. Бұзаулағаннан кейін 30-40 минут өткеннен соң 10 л таяу жылы, ас тұзын қосқан (0,85 %), одан кейін әр 1,5-2,0 сағаттан соң бір температурасы 18-20 градустағы жылы сумен суырып отырады.
Суға жем (кебек – жарма) қосып беруге болады (2 – 3 кг) сиырдың бұзаулағаннан кейін ткандарының құрғап, су сорғыштығы жоғарлап, суға сұранысы артады. Сондықтан көрсетілген суару режимі малдың денсаулығының тез қалыпқа келіп өнімінің төмендемеуіне үлкен әсері болады және бұзаулаған сиырға 3 – 5 тәулік бойына, әсірісе қыста суық су бермеу қажет.
Жаңа туған бұзауларды сүт емгеннен кейін 1,5 – 2,5 сағаттаң соң, қайнаған судан температурасы 25 – 30 градус беруге болады. Бір ай бойына осындай режим сақтап, одан кейін сапалы жай су беріледі.
Қойлар тәулігіне 1 – 2 рет, ал ыстық кездерде 2 реттен кем емес, су ішеді. Қоздаған қойлар күніне 3 – 4 рет ішуге тиіс. Себебі судың жиі – сиректігіне саулықтың сүттілігі және қозының өсуі байланысты болады. Аналықтың сүттілігі қалыпты жағдайда, қозылардың 2-3 апталық жасына дейін суға сұранысы болмайды. Осы жастан бастап, қозыларды су ішуге үйрете бастайды. Жас төлдерді күннің жылы мезгілдерінде суық (6 + 8ºС) сумен суару, олардың өкпе ауруына шалдығуына әсер етеді.
Шошқаларды автоматты суарғыштар болса шексіз өз еркімен суарып, ал ол жоқ жағдайда тәулігіне 3 реттен кем суармайды. Торайларға 3 – 5 тәулігінен бастап 2 апталығына дейін жылы, қайнатылған (18 + 20 ºС) су береді.
Жылқылар – тәулігіне 3 реттен кем су ішпейді, ал күн ыстықтарда 3 – 4 реттен, аз суармайды. Терлеп, денесі қызған жылқыларға суық су беруге болмайды. Ондай жағдайда олар суыққа ұрынып, аяқтарына ревматизм ауруы туып, жылқы аяғынан кем болып қалады. Сондықтан жұмыс аяғынан кейін 1,5 – 2,0 сағаттан соң ғана немесе жұмыс аяқталуға 30-40 мин қалғанда суарады. Дақылды азықтарды берердің алдында немесе 2 сағат өткізіп барып суғарады.
Ірі құстар әсірісе жас құстар тұрақты сумен қамтамасыз болуы керек. Алғашқы он тәуліктік жасына дейін судың жеткіліксіз болуы, балапандарды өлім жітімге ұшыратады. Құстар, азықтандыру типіне байланысты, тәулігіне 150 – 300 ретке дейін су ішеді. Бірақ тауықтарға үзіліспен суару тәсілі кіргізілген, яғни тәулігіне 15-20 минуттан 5 рет суғаруды ұсынады. Мұндай суғару режимі – азық пен суға үнемдік жасап, тауықтың жұмыртқалауын арттырып және құс қорасының санитарлық жағдайын жақсартады деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |