Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Су көздерін санитарлық-топографиялық бағалаудың гигиеналық маңызы



бет30/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

5. Су көздерін санитарлық-топографиялық бағалаудың гигиеналық маңызы.

Су көздеріне санитарлық-топографиялық бағалау жүргізу кезінде мынадай негізгі сұрақтарға көңіл аударады. Судың шығу тегі, оның орналасу орны, жабдықтануы және судың шыққан топырағының сипаттамасы.

4.1. Су көздері шығу тегіне байланысты атмосфералық, жер үсті және жер асты сулары болып үшке бөлінеді. Бұлай жіктеудің негізіне - олардың су көздері болып атмосфералық және жер асты сулары саналады.

Атмосфералық сулар – жер үстіне жаңбыр, бұршақ, қар, шық және тұман күйлерінде түседі. Мұндай сулар құрамындағы газдардың көптігімен ерекшеленеді (азот, көмірқышқыл, оттегі). Мұндай сулар құрамында көмірқышқыл газы көп болғандықтан, ортасы қышқылды болып судың дәмін өзгертіп және минералды тұздар аз болып, ішуге жарамсыз болады.

Жер үсті ашық – сулар атмосфералық және топырақ суларынан ойпаң жерлерге жиылады (көл, өзен, қоймалар, талшық, теңіз т.б.). Мұндай сулар, әсіресе көктем, күз мезгілдерінде жауын және қар суларымен қосылып, жиі органикалық қоспалармен ластанып, ал жаздың ыстық кездерінде буланып, тартылып, кейде құрғап кетеді. Сондықтан мұндай көздердің суын арнайы өңдеусіз пайдалану қауіпті болады.

Жер асты сулары – көбінесе атмосфералық сулардан тұрып, топырақ қабаттарынан сүзіліп өтіп, жер астына жиналады. Бұл сулар су өткізбейтін жер қабатының үстіне жиылып, топырақтың бос кеуектерін толтырып, су тұтқыш қабат (горизонт) түзеді. Егер су тұтқыш горизонт бірінші су өткізбейтін қабатпен топырақтың аралығында жатса және жер бетіне таяу болса, ол атмосфера қысымның астында болады, ал екі су өткізбейтін жер қабатының аралығында болса, гидростатистикалық қысым (су қысым) әсерінде болады (артезиан суы). Санитарлық тұрғыдан жер асты суларын үш түрге бөледі, үстінгі немесе топырақ суы, жер немесе грунттық су және артезияндық су.

Үстіңгі су жердің 2-3 м қабатында болып, бірінші су өткізбейтін грунттық бетіне жиналады. Бұл судың орналасуы топырақ қабатының жатқан тереңдігі мен жыл мезгіліне байланысты болады. Жылдың жаңбырсыз, құрғақ, ыстық мезгілдерінде жоғалып құрып кетуі мүмкін. Бұл судың аз бөлігін топырақтың ертіндісі деп аталатын, топырақ арасындағы капиллярды (түтікшелерді) толтырып, гидрациялық (сулы) қабат құратын судан тұрады. Үстіңгі су өзі жоғары жатып, органикалық қоспалармен тез араласуы оңай болғандықтан , әр кез ластанған болады да, өңдеусіз пайдалану, санитарлық тұрғыдан қауіп төндіреді.

Грунттық (жердің қатты қабаты) су – 1-ші су өткізбейтін қабаттың астында жатады да 7 метрден 2-3 км, кейде 6,5 км дейін тереңдікте болады. Мұндай сулар су өткізбейтін қабаттардың бірнешеулерінің астында жатып қысымсыз немесе қысым астында болады. 15 метр тереңдікке дейін орналасқан суларды ұсақ грунттық сулар деп атайды. Олар адамдарды қамтамасыз ететін сулар болып саналады, ал сулар жер бетінен 15 метрден артық тереңдікте жатқанда (3-ші немесе одан да артық су өткізбейтін қабат) тереңдегі грунттық сулар деп атайды.

Грунттық судың әр литрінде 1000 мг-нан кем еріген тұздар, немесе газдар, немесе микроэлементтердің біреуі (бром, иод, фтор, темір, радий) болса минералды сулар деп атайды. Құрамындағы химиялық қоспалардын артық түріне байланысты мынадай минералды суларға бөлінеді: хлоридті – хлорлы натрий мен күкіртті сутегі газы көп; сульфидті – күкіртті сутегі газы көп; көмірқышқылды-бос көмірқышқыл газы және карбонаттар бар; ащы – күкіртқышқылы магний бар; Сол сияқты құрамындағы артық заттарға байланысты йодты, родонды, немесе радиактивті т.б.

Артезианды сулар - өте бағалы болып саналады. Себебі мұндай сулар өте таза, микроорганизмдері жоқ, ешқандай жасанды өңдеусіз пайдалануға болады. Мұндай қабаттың сулары қысым мен жер бетіне атқылап шығып, бұлақтар, тұмалар, суы мол, қыста қатпай, жыл бойы тоқтаусыз ағып жататын су көздері болып саналады.

4.2. Су көздерінің орналасуы санитарлық-топографиялық баға беру кезінде басты роль атқарады. Су көздері басқа объектілерден жер бедері бойынша биікте болып, олардың ық жағы емес, жел жағынан үйлерден, мал қораларынан, өндіріс орындарынан т.б. белгілі бір қашықтықта болуы керек.

4.3. Суға санитарлық-топографиялық баға беру кезінде судың шыққан жерінің топырағының су сапасына тигізер әсері көп болатындықтан, оған аса көңіл бөлінеді. Су көздері орналасқан жердің топырағы тастақ, құмайт құрылымды (структуралы) болса, ондай жерге түскен органикалық заттар тез ыдырап, су өздігінен тазару процессіне ұшырап, аз ластанады. Ал су көздерінің топырағы құрылымсыз (сазды, саздақ, батпақты т.б.) болса, ондай топырақтың қабатынан су сүзілмей, ұзақ тұрып, оған түскен органикалық қоспалар (көң, өлексе т.б.) ыдырамай ұзақ жатып алады да, судың сапасын төмендетеді.

4.4. Санитарлық-топографиялық бағалау кезінде су көздерінің жабдықталу дәрежесі де маңызды болып саналады. Су көздері дөңестеу жерге орналасса, (құдықтар) оның ішіне жауын, еріген қар сулары қосылып ластанбайды, ал ашық сулар (құдық, бұлақ, тоған) айналасы көтеріліп, малдар аяғымен ішіне түсіп кепейтіндей қоршаулар жасалып, құдықтарға биіктеп мойын шығарып, қақпақ немесе қалқандармен қамтамасыз етіледі. Өзен, бұлақ және көл суларына малдар аяғымен түсіп, лайлап және нәжістерімен ластамау үшін арнайы малдар келіп су ішетін, қоршалған орындар немесе орнатылған астаулар мен қамтамасыз етілуі керек.

Су көздеріне санитарлық-топографиялық баға жасалғаннан соң, соның нәтижесіне сүйене отырып, ондағы суға физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштері бойынша жан-жақты баға беріледі. Ол үшін су көздерінен зерттеу тәсілдеріне байланысты сынамалар алынады. Әртүрлі грунттық, қабатаралық жер асты қысымсыз су көздерінен (құдық, бұлақ, тұма) зерттеу жүргізу үшін кем дегенде тоғыз сынама үш мезгілде (жазғытұрым, жаз және қыс) алынып, органолептикалық, химиялық және бактериологиялық көрсеткіштері, алғашқы алынған сынамада, тұрақты болмаса, көкек айынан бастап желтоқсанға дейін әр айда зерттеуді үздіксіз жүргізіп отыру керек. Бұлақтар мен тоған су көздерінен қатты жауын өткеннен кейін алған дұрыс.

- Жер астынан қысым мен шығатын артезиандық су көздерінен аралығы бір-бірінен бір тәуліктен таяу емес екі сынамадан кем алынбайды.

- Пайдаланылып жүрілген жер асты скважиндердің (тесіліп құбыр жүргізілген) суларының органикалық, химиялық және бактериологиялық көрсеткіштері ауытқуы болса, олардан су сынамасын грунттық, қабатаралық, қысымсыз су көздерінен алғандағыдай алынады.

- Ашық су көздерінен әр мезгіл сайын үштен кем емес сынама алып, зерттеу жүргізіледі.

- Ашық су көздеріне қосымша оттегінің биохимиялық қажеттілігін (БПК) бес тәүлік бойына және еріген оттегінің мөлшерін (мг/л) анықтайды.

Суда оның сапасына әсер ететін, ауыр металдардың тұздары, радиактивті элементтер немесе басқа зиянды заттар барлығына сезік туса, қосымша зерттеу жасалады
Дәріс №9. (1 сағ) Суды заласыздандыру және тазалау әдістері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет