Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері



бет26/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

1. Мал организмі үшін судың маңызы.

Біздің планетаның барлық тірі заттарының 2/3 бөлігі судан тұрады. Сондықтан өсімдіктерде және мал организмдері де су жоқ болған жағдайда өлімге ұшырайды. Организмге судың мөлшері малдың түріне, жасына, жынысына, күйіне және ткань ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. мысалы, иттің денесінде салмағының 65 % су болса, жылқыда – 55 %, ірі қара малында – 60 %, қоянда – 72 %, балықта – 80 % құрайды. Жас организмде, әсіресе жаңа туған төлдердің денесінде, ересек малдармен салыстырғанда судың мөлгшері әлдеқайда көп болады, жас туған бұзаудың денесінде судың мөлшері – 72 болса, 1,5 жаста – 61, ал ересек бұқа организмінде – 52 % болады. Семіз малдардың организмінде, май ткандарының құрамында су аз болғандықтан, арық малдар мен салыстырғанда судың мөлшері кем болады. Мысалы, жүдеген қойдың денесінде су құрамы 60 % болса, семізінде – 46 % болады. Мал эмбрионның бойында, салмағының 97 % шейін су болуы мүмкін.

Су организмдегі негізгі биологиялық сұйық болып саналады. Ол организмге үш сұйық түрінде кездеседі. Клеткалар ішіндегі, клетка сыртындағы және трансцеллюларлы сулар болып бөлінеді. Денедегі судың ең көп бөлігіндегі салмағының 45 % клетка ішіндегі сулар болса, клетка сыртындағы (аралығындағы) сұйықтар (қан сарсуы, клетка арасында және лимфалар) бұдан екі есе кем болады. Трансцеллюлярлі сұйықтар (жұлынаралық, көз ішінде, бүйір кеңістіктерінде, жүрек қабы, көк ет арасы, буын іші, ішек-қарын аралығы) қан тамырларынан арнайы эпителия қабатымен бөлініп тұрады да, дененің салмағының 20 % құрап, оның 4 %-ға таяуы қан мен лимфада болады.

Судың ткандардағы мөлшері, олардағы зат алмасу процесстерінің активтілігіне тікелей байланысты. Мысалы, мыйдың сұр затының құрамында – 86 %, бүйректе – 80 %, бауырда – 70 %, сүйекте – 20 % су болады.

Малдар организміне су ішкенде, азықпен түсіп және азғана бөлігі органикалық заттардың ыдырауынан пайда болады. Судың көбі теріде, дәнекер ұлпаларда және бұлшық еттерде бөгеліп, олар судың қоры (депо) болып саналады. Тері денедегі су алмасуда айтарлықтай роль атқарып және организмді сыртқы температураның тосын өзгерістерінен қорғайды. Диффузия (араласу) нәтижесінде эпидермис арқылы және терлеген кезде су бөлініп шығады да, организмге несіп шығаруын төмендетуге мүмкіндік туғызады.

Судың жетіспеушілігіне малдар, әсіресе жас төлдер, өте сезімтал келеді. Құрғақ азық пен азықтандырып, суармай қойса малдар 4-8 тәулікке ғана шыдай алады. Ал суды шектеусіз беріп, бірақ азықсыз ұстаса, малдар ұзақ уақытқа 30-40 тәулікке төзеді. Дененің 10 % суы жоғалса малда әлсіздік, қан тамыры жиі соғып, тәбеті төмендеп, нерв жүйесі бұзылады. Организімнен 20 % артық су кетсе, өлімге апарып соғады. Денедегі зат алмасу процесстері толықтай сулы ортада жүреді. Сондықтан, ол көптеген қоспалардың еріткіші болып, барлық алмасу процесстері сонда өтеді. Зат алмасумен (ассимиляциялау, дессимиляциялау, диффузиялық, осмостық, резорбциялық, сүзу т.б.) байланысты барлық негізгі процесстер, органикалық және минералдық заттардың су ерітінділерінде жүреді. Су тотығу, гидролиз т.б. алмасу реакциялары мен тікелей қатыста болады. Ол организмге, зат алмасу процесстері кезінде түзілген зиянды заттарды сыртқа шығаруда зор роль атқарады. Сондықтан, организмге судың жетіспеушілігі дененің іштен улануына (интоксикация) апарып соғады. Сол сияқты, су тері үстінен буланып және демі арқылы тыныс жолдарынан шығып, организмдегі терморегуляцияның сақталуына маңызды роль атқарады.

Су, зат алмасу процесстеріне қатыса отырып, организмнен бүйректер, өкпе, ішек және тері арқылы ылғый бөлініп тұрады.

Судың жетіспеушілігінен – организмдер мен тканьдар сусызданып, зат алмасу процесстері бұзылып, сүт қышқылының мөлшері көбейіп, тотығу процесстері төмендеп, қанның тұтқырлығы артып, дене температурасы көтеріліп, дем алысы жиілеп, ас қорыту бездерінің секрециясы тежеліп, тәбеті нашарлап, содан тосыннан өнімі азаяды. Судың тапшылығы организмнің интоксикациялануына апарып соғады да, елеулі өзгерістер бауырда, бүйректерде және қан құрамында (оның тығыздығы артып) туып, белоктардың күшті ыдырауы басталады.

Денедегі судың қалыптан тыс артық болуы да электролиттерді сұйылтып, зиянды әсерін тигізеді. Мұндай жағдай клеткалардың жарақаттануына апарып соғып, кейіннен су мен улану деп аталатын ауру тудырады. Денеге артық түскен су қанға және басқа клеткаларға кіріп, оларды ісіндіреді де, қан қысымы жоғарлайды. Ішек қарындағы азық су менен сұйылып, организммен нашар сіңіріледі. Рациондағы судың артық болуы ересек малдардың сүттілігін арттырудың орнына елеулі төмендетіп жібереді. 1 л сүтті өндіру үшін, азықпен және ішіп, жиыны 4-5 л су қабылдауы керектігі анықталған. Ауыз су организмге түскеннен соң қан және литфамен тасымалданып клеткалар аралықтарына және ткандарға таралады. Мұнымен қатар ас қорту каналдың, дәлірек айтқанда ащы ішектің аз бөлігі, тоқ ішектің қабырғасынан су асқазанның сөлі мен қайта сіңіріліп алынады да, сөйтіп судың қозғалысы екі бағытта жүреді. Асқазан органдарының қызметі дұрыс болса барлық су сіңіріледі де, тек азғана бөлігі нәжіспен сыртқа шығады. Асқазан аурулары (тышқақ) болғанда денеден судың тарауы жоғарлайды.

Су ішектің кілегей қабатының астыңғы қылтанақтары (ворсинка) арқылы сіңіріледі. Асқазан жолдарының әр бөлшектерінің суды сіңіру қарқыны малдар мен иттердің арасында айырмашылығы болады. Мысалы ас қорту жолдарынан тәулік ішінде өткен 160 л судың (оның ішінде 70 л ішек сөлі бар) ірі қара малының ащы және тоқ ішектері арқылы 145 л сіңіріледі де, тек 15 л нәжіспен бөлініп шығады. Жылқы да нәжіспен тәулігіне тек қана 4-5 л су бөлінеді.

Асқазан жолынан су күре тамыр қаны мен осмостық қысымы жоғары болуының нәтижесінде бауырға түседі.

Денеден шыққан судың мөлшері, оған түскен судың шамасынан артық болса, организмнің сусыздануы туады. Ол кезде денедегі сұйықтың, әсіресе клетка сыртындағы мөлшері, электролиттер мен салыстырғанда өте төмендеп кетеді.

Дененің сусыздануы көбінесе денеден қан кеткенде, ұзақ тышқақ ауруларымен ауырғанда (әсіресе жас төлдер), ішек және тамақтардың жолдарының бітелуі, құсу және денеден тұздар жоғалғанда т.б. байқалады. Дене сусызданғанда шөлдеу артып, кілегей беттері және тіл құрғап, терінің серпінділігі төмендеп, көз ішінің қысымы азайып, несіп өте қоюланып (олигурия) іш кеуіп, қан айналу бұзылып және жалпы әлсіздік байқалады.

Суды, малдардың ішуінен басқа, көп мөлшері технологиялық қажеттілікте және санитарлық мақсатта (азықтарды дайындау, малдарды тоғыту, жабдықтардың тазалығын сақтау, қораны дезинфекциялау, дәрі-дәрмектерді еріту, мал желінін жуу т.б.) пайдалануға жұмсалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет